1.3 «Академиялық еркіндікті және жұртшылықтың қатысуын арттыру» бастамасы. Орта білім беру ұйымдарының басқарушылық және қаржылық қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру мақсатында қамқоршылық кеңестер өкілеттіктерінің спектрі кеңейтілетін болады. Қамқоршылық кеңестер мектептер мен балалар үйлерінің ішкі өмірін ұйымдастырудағы маңызды органдардың бірі болады, мектептердің өзін-өзі бағалау рәсімдері жетілдірілетін болады. Мектептерді мемлекеттік бақылау білім беру саласындағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Оқу орындарын орталықтан алу және олардың академиялық, басқарушылық дербестігін арттыру саясаты жалғасады.
Жоғары оқу орындарына оқу бағдарламаларын әзірлеуде, кадрлық жұмысты ұйымдастыруда, бюджетті басқаруда дербестік ұсынылады. Студенттерді жалға алу процесіне дайындауға және практикадан өтуге, одан әрі жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін ЖОО-ның кәсіби бағдарлану офистері өзектендірілетін болады.
ЖОО-лардың тиімділігін бағалау білім беру процесінің және оқу орнын басқарудың сапасына, еңбек нарығында түлектердің талап етілуіне, жүргізілетін зерттеу жұмысының өзектілігіне және коммерцияландырылуына байланысты болады. Сонымен қатар, жыл сайын түлектер мен жұмыс берушілерді жыл сайынғы бағалаудың негізінде білім беру бағдарламалары мен жоғары оқу орындарының рейтингі жүргізілетін болады. Бұл білім беру сапасын және білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.
Жоғары оқу орындарын басқару бойынша озық практиканың мысалы ретінде Назарбаев Университетінің тәжірибесін пайдалану жоспарлануда.
1.4 «Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті кеңейту және білім беру саласына жеке инвестициялар тарту» бастамасы. Білім берудің барлық деңгейлерінде әріптестікті кеңейту және жеке инвестицияларды тарту білім беру қызметтерінің сапасын арттырудың, мемлекеттік білім беру объектілеріне жүктемені және білім беру ұйымдарындағы орындар тапшылығын төмендетудің, жеке білім беру қызметтерін дамытудың маңызды құралдарының бірі болып табылады.
Барлық толық жинақталған қалалық мектептерде білім беру мекемелерінің шығындарын қаржыландырудан - «әрбір оқушыға бекітілетін ақша» қағидаты бойынша оқушылардың санына байланысты оларды оқытуға арналған шығындарды қаржыландыруды көздейтін жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізілетін болады.
Бұл білім беру ұйымдары арасындағы бәсекелестікті және білім беру қызметінің сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте, білім беру тапсырысы меншік нысанына қарамастан мектептерде орналастырылатын болады, бұл жеке секторды жеке мектептер желісін кеңейтуге уәждейтін болады. Мектептердің СанЕжН мен ҚНжЕ қайта қаралады, мектептерді сенімгерлік басқаруға беру мәселесі пысықталатын болады.
Мектеп оқушыларын қызығушылықтары бойынша үйірмелермен барынша қамту мақсатында жеке сектор есебінен қосымша білім беру дамитын болады.
ТжКБ жүйесінде жан басына шаққандағы қаржыландыру нормативтері қайта қаралып, ТжКБ ұйымдарын сенімгерлік басқаруға беру мәселесі пысықталатын болады. Дуалды оқыту шеңберінде студенттерге практикалық сабақтарды бергені және ұйымдастырғаны үшін қосымша төлем түрінде өндірістен инженер-педагогикалық кадрларды тарту үшін ынталандыру шаралары көзделетін болады.
Жеке қаржыландыруды тарту шеңберінде жоғары оқу орындары мен компаниялардың өзара іс-қимылын ұйымдастыру жоспарлануда. Компания тарапынан әріптестік үлес қосу білім беру гранттарын бірлесіп қаржыландыруды, тағылымдамадан өту мүмкіндігін, тәлімгерлік жүйесін, тренингтер мен практикалық оқу іс-шараларын өткізу үшін алаңшалар беруді қамтитын болады.