1.5 «Білім беруді цифрландыру» бастамасы. Барлық процеске қатысушылардың электрондық деректер банкін және білім алушының электрондық бейінін, сондай-ақ қажетті цифрлық сервистерді қамтитын білім беруді басқару жүйесі құрылады.
Мысалы, балаларды бала бақшаларға қабылдау процесі автоматтандырылатын болады, орта білім беруде электрондық күнделіктер мен журналдар енгізілетін болады. Білім беруді басқару жүйесі мемлекеттік органдардың бірыңғай деректер базасына интеграцияланатын болады. Сонымен қатар Big Data технологиясын (ауқымды деректерді өңдеу технологиясы) пайдалана отырып, басқа цифрлық білім беру сервистері интеграцияланады.
Барлық деңгейлерде цифрлық білім беру контенті құрылады, интерактивтік және қашықтықтан оқыту әдісі кеңінен қолданылатын болады, кең жолақты интернетке мектептердің қосылуын қамтамасыз ету және оларды бейнежабдықпен жарақтандыру жүзеге асырылады.
Атап айтқанда, интерактивті және инновациялы технологияларды пайдалана отырып, электрондық білім беру материалдары мен электрондық кітапханалар құрылады. Білім беру процесінде пайдалану үшін үздік оқытушылардың электрондық және бейнематериалдарына онлайн-режимде қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Аз жиынтықталған мектеп оқушылары үшін арнайы материалдар әзірленетін болады.
Интернет-платформада «ашық мектептер», «ашық ТжКБ», «ашық университеттер» құру, электрондық оқыту ресурстарының контентін әзірлеу, жоғары оқу орындары, ТжКБ ұйымдары мен мектептер арасындағы оқыту бағдарламаларын интеграциялау есебінен қашықтықтан оқытудың қолжетімдігі артады. Бұл «өмір бойы оқу» тұжырымдамасын ілгерілетуге және шалғайдағы, ауылдық өңірлердегі оқушыларға арналған оқу жағдайларын теңестіруге қажетті жағдайлар жасайды.
«Педагогикалық кадрларды ынталандыру мен даярлау сапасын арттыру» міндеті
Білім сапасын арттыру қазіргі заманғы білімі бар жоғары білікті педагогтарсыз, технологиялар мен оқыту әдістерінсіз мүмкін емес. Болашақ педагогтарды тарту және оқыту тәсілдерін қайта қарау, бүгінгі педагогикалық құрамның біліктілігін арттыру, оқытушы кәсібінің беделін арттыру қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |