Ашық сабақты өткізу сапасы бойынша
хаттама
Қаражанов Малик Дулатұлы
оқытушының аты- жөні
Сабақ бойынша жалпы мағлұмат:
Күні ‑ 27.10.2014 ж. Топ ‑ 311, 313, 315, 317, 319, 321
Пән ‑ ҚР Қылмыстық іс жүргізу құқығы
Сабақ формасы ‑ дәріс сабағы
Сабақтың тақырыбы: Заңды күшіне енген сот шешімдерін қайта қарау өндірісі (Қадағалау өндірісі)
Сабақтың мақсаты: Қадағалау өндірісінің ұғымы, маңызын және міндеттерін, сотта қадағалау шағымдарын алдын ала қараудың тәртібі мен мерзімдерін, қадағалау сатысында істі қарау тәртібін, қадағалау сатылы соттың шығаратын шешімдердің түрлерін, қадағалау сатылы соттың қаулысына қойылатын талаптарды, үкімді және сот қаулысын жоюдан кейін істерді қарауды, соттың үкімдеріне, қаулыларына қайтадан шағымдану, наразылық келтіру тәртіптерін білу.
Сабақтың жабдықталуы: проектор, экран, ноутбук, модем, интернет байланыс, слайдтар, қажетті маркерлер.
Сабақтың ұйымдастырылуы:
Оқытушыда сабақ жоспары болды (Пәннің оқу әдістемелік кешеніне сәйкес), уақытты тиімді жоспарлай білді, сабақ құрылымының қойылған мақсат пен мазмұнға сәйкес болды.
Студенттердің оқу қызметінің әртүрлілігі сабаққа белсенді қатысу арқылы байқалды (өткен тақырыпты бекіту, қойылған сұрақтарға жауап беру, топтарға бөлініп берілген есептерді шешу, іс бойынша фабулаларға топтарға бөлініп жауап беру).
Студенттермен жұмыс формасы фронтальді, топтық, жекелей жұмыстан байқалды.
Студенттердің сабаққа дайындығы жоғары деңгейде болды.
Cабақтың мазмұны:
Сабақ мазмұны пәннің оқу әдістемелік кешеніне сәйкес болды.
Оқытушы сабақ материалдарын дұрыс таңдады, оны жеткізудің ғылымилығы жоғары деңгейде болды.
Зерттелген сұрақтар бойынша теория мен тәжірибенің байланысы қамтамасыз етілді.
Сабақтың практикалық маңыздылығы ашылды деп айтуға болады, берілген білімді тәжірибеде нақты қалай қолдануға болатындығы үйретілді.
Пәнаралық байланыс ҚР қылмыстық іс жүргізу құқығы, ҚР Конституциялық құқығы, ҚР Қылмыстық құқығы, Құқық қорғау органдары пәндерімен ашылса, пәнішілік байланыс өткен тақырыптарды қоса байланыстыру жолымен жүзеге асырылды.
Әртүрлі нормативтік актілермен мен кітапханада орналасқан мерзімді басылымдарға жүгіну болды. Әсірісе, Заңгер, Фемида және Комитет ұсынған журналдарға сілтеме болды.
Оқыту материалдарының тәрбиелік мүмкіндіктерін қолдана келе құқықтық мәдениеттің деңгейін жоғарылату бойынша насихат жүргізді және студенттер білімін бағалай білді.
Сабақты өткізу әдістемесі:
Сабақ барысында ақпараттық технологиялар және оқытудың техникалық құралдары шебер қолданылды, атап айтқанда проектор, экран, ақ тақта, маркерлер, ноутбук, модем, интернет байланыс және олардың тиімділігі берілген білімнің тәжірибеде қолданудың деңгейінің жоғары болуында.
Қаражанов Малик Дулатұлының дидактикалық материалдарды, көрнекілік құралдарды қолданудағы әдістемелік сауаттылығы жоғары деңгейде болды. Қолданылған әдістер оқытушының мүмкіндіктеріне, студенттердің дайындық деңгейіне, сабақтың мазмұны мен мақсатына сай болды.
Оқытудың инновациялық әдістерін қолдану тиімді болды. Дәріс сабағы барысында слайдтар мен бейнежазбаларды практикалық мысалдарды көрсету кезінде топтарға бөлініп талқылау технологиясы білімдерді бекітті және алған білімдерін дұрыс қабылдағанын тексеруге жағдай жасады.
Сабақта студенттерді белсендіру әдістері, олармен дифференциалды тұрғыда жұмыс жасауға барлық жағдай жасалды, өйткені өткен тақырыпты қайталау, жаңа тақырыпты түсіндіру барысында пәнаралық және пәнішілік байланысты жасау, құқықтық рөлдік ойынды ұйымдастыру кезінде дәріс залындағы әртүрлі студенттерді қатыстырып белсендіре білді.
Студенттердің білімін бақылауды ұйымдастыру жоғары деңгейде жүргізілді.
Сабақты қорытындылауға оқытушының уақытты жетіп, сабақтың сәтті аяқталуына жағдай жасады.
Сабақ барысындағы аудитория зейіні жоғары және тәртібі әдепті болды.
Оқытушы сабақты жоғары деңгейде ұйымдастыру арқылы қойылған мақсатқа жете білді.
Тәжірибе алмасу бойынша ұсыныстар, сабақтың жағымды жақтары: Дәрісті оқу барлық ұйымдастырушылық кезеңдер сақталынды. Болашақ маманның кәсіби шеберлігін арттыруда сабақтың алатын орны ерекше. Оқытушының кәсіби тұлғасын қалыптастыруға, өзі өткізуге тиісті сабақтың маңыздылығын жоғары. Инновациялық тәсілдерді және көрнекілік құралдарды көп қолдануы.
Ескертулер, кемшіліктер: жоқ
Қорытынды:
1) Оқытушы сабақты жоғары деңгейде өткізді.
2) Сабақты өткізу формаларын, әдіс-тәсілдерін тәжірибеде қолдану үшін таратуға ұсынылсын.
3) Кафедраның профессорлық-оқытушылық құрамы Қаражанов Малик Дулатұлының сабақтарына қатысып, тәжірибе жинақтасын.
Сабаққа қатысушының қолы
|
Қорытындымен таныстым
|
__________________Утебаев Е.К.
Қылмыстық‑құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының кандидаты
|
__________________Қаражанов М.Д.
|
___________________Кузетаева Д.З.
Қылмыстық‑құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, заң ғылымдарының кандидаты
|
|
_______________________ Танкенова Л.К.
Қылмыстық‑құқықтық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, құқықтану магистрі
|
|
|
Күні ________________
|
Достарыңызбен бөлісу: |