«Экспортқа бағдарланған көрсетілетін қызметтерді дамыту» міндеті
Көрсетілетін қызметтер экспортын дамыту үшін кедергілер жойылады және елеулі экспорттық әлеуеті бар көрсетілетін қызметтерді сыртқы нарықтарға жылжыту қамтамасыз етіледі. Мұндай көрсетілетін қызметтерге, медициналық және білім беру туризмі саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, туристік көрсетілетін қызметтер, қаржылық және іскерлік көрсетілетін қызметтер, транзиттік көліктік және ғарыштық көрсетілетін қызметтер жатады.
3.33 «Туристік саланы дамыту үшін жағдай жасау» бастамасы. Жол, жол бойындағы, коммуналдық және өзге де инфрақұрылымдарды, оның ішінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен орман шаруашылығындағы демалу объектілерін және туристік бағдарларды дамыту үшін заңнама жетілдірілетін және шаралар қабылданатын болады.
3.34 «Шетелдік туристерді тарту үшін ақпараттық-жарнамалық науқандарды іске қосу» бастамасы. Қазақстан және оның туристік объектілері туралы өзекті ақпараты бар елдік веб-портал жаңартылып, қолдау көрсетілетін болады. Туризмді жылжыту жөніндегі
жарнамалық-маркетингтік жоспар, елдік және ұлттық туристік бренд әзірленетін болады. Бірінші басымдықтағы елдер үшін жеке ақпараттық-жарнамалық стратегиялар әзірленеді.
3.35 «Көші-қонын бақылау рәсімдерін және визалар ресімдеуді оңайлату» бастамасы. Кіру визасын ресімдеуге құжаттар беру, шақыруларды ресімдеу және мемлекеттік органның шешімімен анықтама алу процесін жеңілдету үшін визалық көші-қон интернет-порталы жетілдіріледі, визаларды онлайн беру рәсімі енгізіледі және ADS (Approved Destination Status) визаларын беру тетігі жетілдіріледі. Визалық көші-қон режимі біріздендіріле отырып, мемлекеттік физикалық шекара арқылы өту процесі жеңілдетілетін болады. Азаматтар үшін «72 сағатқа визасыз транзит» режимі енгізілетін басым елдер айқындалады.
3.36 «Медициналық туризмді дамыту» бастамасы. Жақын және алыс шет елдерден медициналық туристерді тарту үшін кең ауқымды жоғары технологиялық қызметтер көрсету үшін қажетті қазіргі заманғы жабдықпен жарақталған жетекші медициналық орталықтар мен санаториялық-курорттық мекеме кластерлері базасында алдыңғы қатарлы сапалы медициналық және сауықтыру қызмет көрсетулері қалыптастырылады.
Медициналық туризм саласындағы негізгі ойыншылар, бірінші кезекте, халықаралық аккредиттеуден өткен қазақстандық медициналық ұйымдар болады. Пациентке бағдарланған сервисті дамыту және қонақжайлылық қағидаттарын, медициналық көрсетілетін қызметтердің өнім берушілерін ынталандыру тетіктерін енгізу бойынша жұмыс жалғасады.
Әлемдік нарықта қазақстандық медициналық туризм бренді медициналық туризм бойынша әлемдік компаниялармен және қауымдастықтармен әріптестік өзара қарым-қатынастарды дамыту есебінен ілгерілейтін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |