Қазақстан республикасының ауылшаруашылық министрлігі


Сүтті жылумен өңдеу түрлері



бет166/272
Дата28.12.2021
өлшемі3,89 Mb.
#128904
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   272
Байланысты:
консерв окулык

2.3 Сүтті жылумен өңдеу түрлері

Сүт өнімдерін жылумен өңдеуді залалсыздандыру мақсатымен жүргізеді. Ол микроорганизмдердің өмір сүруін толығымен тоқтатып, сүттің алғашқы қасиеттерін, оның тағамдық жəне биологиялық құндылықтарын максималды түрде сақтауға бағытталады. Сүтке əсерін тигізетін жылулық өңдеудің əрқайсысы оның алғашқы құрамын жəне физика-химиялық қасиеттерін бұзады. Сүт құрамының бөліктерінің физика-химиялық өзгерулері ең бастысы жылумен өңдеудің температурасы мен оның ұзақтығына байланысты.

Жылудың əсерінен сүт ақуыздары денатурацияға ұшырайды. Көбінесе қыздыруға төзімді сары су ақуыздары, олар 65ºС жоғары температурада денатурацияналады, ал казеин жоғары температураға төзімді . 100ºС жоғары температурада лактозаның бір бөліктері ыдырай бастайды, оның əсерінен сүттің дəмі, түсі жəне иісі өзгереді (сүт қоңыр түске ие болады). 100ºС температурады сүт майы өзгермейді.

Жылумен өңдеу кезінде бір қатар дəрумендер ыдырайды, əсіресе суға ерігіш (С, В12, тиамин жəне т.б.), сонымен қатар ферменттер ( редуктаза, пероксидаза) инактивацияға ұшырайды. Кальций жəне фосфор тұздарының ерімейтін күйге ауысуымен минералды тұздардың бір қатары тұнбаға түседі. Бірақ тағамдық құндылығына жəне органолептикалық көрсеткіштеріне кері əсерін тигізетін сүт құрамының бөліктерінің өзгерулері аз ғана болуы тиіс.

Жылулық өңдеуінің түрлеріне пастеризация жəне стерилизация

жатады. Пастеризацияның бір түріне жоғары температуралы

ультрапастеризация (УЖТ ) - өңдеу жəне термизация жатады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   272




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет