Өндірістік штаммдар
Құрғақ əлде сұйық штаммдардың таза дақылдарын арнайы зертханада əзірлейді. Зертханадан құрғақ күйінде алынған штаммдар тоңазытқышта сақталады. Қажет кезде оларды тірілтеді жəне əрі қарай ұстап тұрады, сұйық түрінде осылай жүзеге асырылады: 10-15 күннен кейін оларды пробиркада ширатады, ширату аралығында оларды тоңазытқышта ұстайды. Таза дақылдарды стерилденген немесе пісірілген сүттен зертханалық штаммдарды əзірлеу үшін пайдаланады.
Зертханалық штаммдарды барлық пастерленген жəне стерилденген сүттің түрлерінен бастапқы өндірістік штаммдарды дайындауға пайдаланады . Сонымен қатар белсенді таза дақылдардан əзірленген зертханалық штаммдар сүт қышқылды тағам өндірісінде сүт немесе кілегейді ашытуға қолданады. Тағамды өңдеу үшін бастапқы штаммдарды тікелей өндірісте қолданады. Өндірісте штаммдарды келесіде қайта пайдалануды ұсынбайды, өйткені бұл штаммдардың бүлінуіне оның белсенділігінің төмендеуіне əкеледі. Барлық штаммдар стерилденген сүтте тіріледі, одан кейін күн сайын шөлмектегі зертханалық торшаларды əр түрлі топтарға пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: |