Сүтті қаптау, маркілеу, сақтау. Сүт кəсіпорындарында сүтті автоцистерналардан стерилденген цистерналарға құяды. Өлшенген сүтті 0,25, 0,5 жəне 1,0 л шөлмекке су, май өткізбейтін полимерлі қапталған картон пакетке, полиэтилен пленкалы пакеттерге құяды. Сүтті қаптау үшін əр түрлі қағаз пакеттер қолданылады. Бұл «тетра-пак» (үш қырлы призма) «пюр-пак» (биіктеу жасалған төрт бұрышты) «тетра-брик»(кірпіш формалы). Қапталған материалдарының түріне көп нəрсе байланысты, мысалы, тұтынушының сатып алуына ыңғайлы, транспорттық ыдыс түрі, өндіріс жəне тауар қозғалысы процесінде қабының мықтылығы. Пакеттердің («тетра-пак») бұрыштары өткір болған сайын пакеттің бүліну
200
ықтималдығы көбірек, тағамның төгіліп қалуы, соған сəйкес оның жоғалуы мүмкін. Сондықтан «тетра-пакты» қаптау үшін арнайы ыдыс төменгі қысымды полиэтиленнен жасалған алты қырлы жəшік қолданылады, ал «пюр-пак» , «тетра-брик» бірнеше дана (10- 12) блокты қаптау үшін термотұрақты пленкаға салынады да, жабық ыдысқа текшеленеді.
Соңғы кезде қаптаманың жаңа түрі «комбитоп» қақпақты, «комбиблок стандарт» пайда болды, онда жабылғаннан кейін сүтте микроорганизмдердің тұқымдануы тежеледі. Маркілегенде өндіруші кəсіпорынның тауарлы белгісі, номері, атауы, өнім атауы,мөлшері, соңғы таратылған күні, бөлшектік бағасы, стандартқа сай белгіленуі кетпейтін бояумен көрсетіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |