ҚОСЫМША
Мұғалім қандай болу керек?
Темір ұсталарына қазақ халқы ежелден-ақ құрметпен қараған. Тіпті,
ұсталар тылсым күшке және ерекше қабілетке ие деп білген. Он саусағынан
бал тамған ұсталар өздерінің шеберлігін құпия сақтап, мұраға қалдырып
отырған. Ұсталардың өнері қазақ халқының батырлар жырында да кеңінен
көрініс тапқан, мысалы, олар туралы «Қобыланды» поэмасынан кездестіруге
болады. Ұсталық кәсіп халықты шаруашылық және тұрмыстық заттармен
қамтамасыз еткен.
Алматы құрылыс-техника колледжінде металл өңдеу және дәнекерлеу
бойынша толық жабдықталған жеке цех бар, мұнда студенттер тәжірибелі
өндірістік
оқыту
шеберлерінің
жетекшілігімен
ұсталық
кәсіптің
ерекшеліктері мен қыр-сырын меңгереді. Мұнда олар есік-терезеге арналған
торлар, қақпа жасауды үйреніп, металдан түрлі бұйымдар соғады. Өндірістік
оқыту шебері Қадір Ғани Қадірұлы болашақ шеберлердің жан-жақты дамуы,
көп дүниені меңгеріп шығуы үшін барын салады. Сонымен қатар, балаларға
металдан сәндік бұйымдар мен олардың элементтерін жасауды үйретеді.
Қадір Ғани Қадірұлы Алматы құрылыс-техника колледжінде үшінші
жыл қызмет етуде. Өзі Алматы гуманитарлық-техникалық университетінде
«Кәсіби оқыту» мамандығын алып шыққан. «Университетті бітіргеннен кейін
бір жылдай Райымбек ауданындағы туған ауылымда болдым. Мектепте
мұғалімнің жетекшілігімен тәжірибеден өтіп, сол кезде-ақ еңбек пәнінен
сабақ беру қатты ұнап қалған. Ауылда менің мамандығым бойынша орын
болмады, сондықтан Алматыға қайтып келіп, осы колледжге резюмемді
жібердім. Әңгімелесуден өткеннен кейін жұмысқа шақырды. Менің
мамандығымның өзі еңбек технологиясынан, кәсіпкерліктен сабақ беру
дегенге келеді», – дейді ол.
Алматы құрылыс-техника колледжі 1969 жылы құрылған. Құрылғаннан
бергі уақытта оқу орны кәсіптік білім беру және біліктілікті көтеру,
әлеуметтік әріптестік бойынша Еуропалық білім беру қоры, TASIS,
ЮНЕСКО, МАСП сынды ұйымдар өткізген он екі халықаралық жобаға
қатысқан. Бір жыл бұрын колледжде Білім және ғылым министрлігінің
Дүниежүзілік банктің қаржыландыруымен жүзеге асатын «Техникалық және
кәсіптік білімді модернизациялау» жобасы бойынша металл өңдеу және
дәнекерлеу цехы ашылған, колледж екі жыл қатарынан Дүниежүзілік банктің
грантын жеңіп алған (дәнекерлеу ісі бойынша маман дайындайтын
Қазақстандағы бүкіл колледждердің ішінен конкурс бойынша іріктелген).
Ғани
Қадірұлы
колледжде
«Ішкі
санитарлық-техникалық
құрылғылардың, желдету және инженерлік жүйелердің монтажы мен
эксплуатациясы» мамандығы бойынша студенттерге кәсіптік оқытудан сабақ
береді.
Ал
ұстаханада
балаларды
санитарлық-техникалық
құрал-
51
жабдықтармен және материалдармен жұмыс істеуге үйретеді. «Дәнекерлеу
ісі» мамандығында оқитын студенттермен цехта жұмыс істеп, олардың
шеберлік деңгейін арттырады.
«Маған «Ішкі санитарлық-техникалық құрылғылардың, желдету және
инженерлік жүйелердің монтажы мен эксплуатациясы» мамандығы бойынша
оқитын студенттердің бір тобын (24 адам) берген, соларға жетекшілік етемін.
Топта өңшең ұл балалар оқиды. Сондықтан жұмысты жаңа бастаған кезде
аздап қобалжыдым. Жұмыс істей келе үйреніп кеттім. Маған балалармен
жұмыс істеген, оларға бірдеңені үйреткен ұнайды. Студенттерімді өндірістік
тәжірибеге өзім орналастырамын. Қазір олар үшінші курста, 25 баланың
тәжірибеден табысты өтіп жатқанын айтсам болады. Олардың дені
компанияларда ақылы жұмыс істейді. Балалардың тәжірибеден өтуге
барғанда еш қиындықсыз жұмысты меңгеріп, түрлі жұмыстарды атқара алуы
үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын. Мысалы, студент тек бір ғана
профиль бойынша жұмыс істейтін компанияға түсіп қалса, әрі қарай оның
дәнекерлеу бойынша тәжірибеден өтуіне мүмкіндік беретін компания
іздеймін, сонда олар бәрін меңгеріп шығады», – дейді Қадір Ғани Қадірұлы.
Жас ұстаз таңдаған мамандығы үшін өкінбейтінін айтады: «Таныстарым
мен достарымның арасында заңгердің немесе экономистің оқуын оқып,
әртүрлі себеппен мамандығы бойынша жұмыс істей алмағандар көп. Ал
қарапайым жұмысшы мамандықтар қазір еңбек нарығына өте қажет.
Сантехникамен жұмыс істей алатын мамандарға деген сұраныс жоғары
екенін көріп тұрмын, біз түлетіп ұшыратын мамандарды қайткенде өз ісінің
шебері етіп шығару керектігін түсінемін. Жұмысшы мамандардың керек
екенінің ең қарапайым және жарқын мысалы ретінде студенттерді
тәжірибеден өтуге қуана-қуана қабылдап жатқанын айтуға болады».
Сабақтан бос уақытында кейіпкеріміз спортпен айналысады:
әріптестерімен волейбол ойнайды, үстел теннисін жақсы көреді. «Бұрын
дзюдомен айналысқанмын, ал қазір негізінен денсаулығым үшін және
шынығу мақсатымен ғана айналысамын», – дейді өзі.
Әрқайсымыз күн сайын көмегіне мұқтаж болып отырған мамандарды
(автомеханик, сантехник, жиһаз жасаушы, құрылысшы, электрик, т.б.)
дайындауға қатысы бар кезекті кейіпкерімізбен әңгімелесе отырып,
болашақта бұл саладағы нағыз кәсіби мамандарға деген қажеттілік азаяды
деп нық сеніммен айтуға болады. Сондықтан, балаларға да, оларды оқытып
жатқан талантты ұстаздарға да күрделі әрі маңызды мамандықтарды
меңгеруде табыс және шабыт тілеймін.
|