Қосымша
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым Министрінің
20 сәуірдегі 2016 жылғы
№ 293 бұйрығына
1-қосымша
«Өзін-өзі тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздері»
педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру курсының білім
беру бағдарламасы
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту аясындағы «Өзін-өзі
тану» пәнінің ғылыми-әдіснамалық негіздері» педагог қызметкерлердің біліктілігін
арттыру қысқа мерзімді курсының білім беру бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Бөбек» Ұлттық ғылыми-
практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік
қазыналық кәсіпорнымен (бұдан әрі – «Бөбек» ҰҒПББСО) әзірленді. Осы бағдарлама
аясында оқыту Қазақстан Республикасының орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында
жүргізіледі.
2. Осы Бағдарламада барлық деңгейдегі білім беруді басқару құрылымдары
қызметкерлерінің, білім беру ұйымдары басшыларының, олардың орынбасарларының
біліктілігін арттыру және өзін-өзі тану бойынша білім беру бағдарламасын жүзеге асыру
бойынша толық мәліметтер берілген.
3. Педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттырудың осы курсының жалпы мақсаты
барлық деңгейдегі білім беруді басқару құрылымдарының қызметкерлерін, білім беру
ұйымдары басшыларын, олардың орынбасарларын өздерінің адамдық және кәсіби
парыздарын қайта пайымдау арқылы және жаңа білімдерді практикалық кәсіби қызметте
қолдану жолымен «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру Бағдарламасымен
таныстыру болып табылады.
4. Осы Бағдарлама қазақстандық білім беру жүйесін реформалауға көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |