Қазақстан республикасының білім жәНЕ



Pdf көрінісі
бет40/56
Дата14.12.2022
өлшемі2,15 Mb.
#162848
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56
Байланысты:
Адилова Қабылдау стилистикасы
Квалтест педагогика и методика (27.05.2021), БҰЙРЫҚ (іссапарға жіберу туралы)
Бір нәзік сәуле
 күлімдеп еді, Сұрапыл соғыс соқты да бұзды. 
Жазушы қолданып отырған 
нәзік сәуле
ақын контексінен екенін осы 
шумақтағы лексикалық бірліктердің парадигматикалық, синтагматикалық 
байланыстары көрсетеді: 
Соғыс болған жоқ. Апат келген жоқ. Бейбіт, 
тыныш заман; елес іспетті ғажайып қыз. 
Жалпы, бұл әңгімеде тағы бір прецедентті айтылым бар, оны автор 
тырнақшаға алып, басқа стиль мәтіні екенін өзі көрсетеді, себебі Кеңестер 
Одағы уақытында кез келген газет айдарына шығарылған «Толған мақсат – 
толған таңдау» ұраны сол кездегі лингвомәдени қоғамның барлық мүшесіне 
жақсы таныс болғанмен, қазіргі оқырман үшін мүлдем бейтаныс. 
Қ. Аманжолов контексінде жеке адамның пенделік өміріндегі ғажайып, 
құпия бір күштің, үміттің символы болып көрінген 
нәзік сәуле
М. Мағауин 
әңгімесінде мәтінтүзушілік қызмет атқарып, «Алла тағала сыйға тартқан
сый емес, аманатқа берген өнер. Аруақ алқаған өмірлік мұрат» ретінде жеке 
тұлғаның рухани, 
шығармашылық 
болмысының, жалпыадамзаттық 
құндылықтың символына айналған. Бұл прецедентті айтылымның о бастағы 
ассоциациясын, коннотациясын, семантикасын, яғни қабылдау инвариантын 
пайдаланғанын автор өзі нақтылай отырып, мәтіннің соңына қарай оларды 
түбегейлі өзгертеді. Мағыналық ұйытқы сөз ретінде әңгіме оқиғасын
семантикасын 
үміт сәулесі, сәулелі арман, жарық күннен үміт мол, сәулелі 
нұр, жалғыз-ақ сәуле – жарық нысана, нәзік сәуле, нұрлы жарық, сәулелі 
қыз, жаңа бір сәуле, басқа бір жарық нұр, ең нәзік сәуле, Киелі Жазу
түрінде 
дамытып, мәтінді тиянақтаған прецедентті айтылымның ассоциациясы мүлде 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


63 
өзгеріп, қаламгердің ашық оң бағалауы нәтижесінде жағымды модальділік 
тудырған.
Ал эпиграфтардың көлемі, типі, саны, ондағы ақпардың түрі, алынған 
дереккөзі әр алуан болғанмен, олар мәтін семантикасын ашуға, түсінуге, 
қабылдауға, интерпретациялауға тікелей әсер етеді. Басқаша айтқанда
эпиграф мәтінді интерпретациялау бағытын көрсетеді. Мәселен, А. 
Сүлейменовтің «Ситуация» повесіне эпиграф ретінде Грэм Гриннің 
әңгімесінен алынған сентенция қолданылса, Т. Әбдіковтің «Парасат 
майданы» шығармасына екі эпиграф берілген, бірі – Гамлеттің монологінен 
үзінді, ал екіншісі – авторлық афоризм. Поэзиялық туындыларға алынған 
эпиграфтар әрі өлең, әрі қара сөз түрінде болуы мүмкін. Г. Салықбайдың 
«Шайхы» өлеңдер циклына берілген екі эпиграфтың бірі қаламгер сөз арнап 
отырған Ахмет Иассауидің өзінікі, ал М. Мақатаевтың атақты «Бақыт деген» 
өлеңінің эпиграфына баласының сөзі жұмсалған: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет