Лекция мәтіні(қысқаша): Қазақ халқының ұрпақ тәрбиелеу жөніндегі сонау көне ғасырлардан келе жатқан тәжірибесін, қазақ хандығы құралған кезеңнен (14-15 ғ.ғ.) бастап қарастыру, тарихи- әлеуметтік тұрғыдан алып қарағанда дұрыс емес. Өйткені кешегі өткен тарих беттері- Шығыс мәдениетінің қайнар көзі болып саналатын ұлы Даланы мекендеген түркі тектес халықтардың, одан әрі ғұндар мен сақтардың бір елді, бір жерді мекендеп, оны сыртқы жануарлардан қорғап, бір тілде сөйлеп, бір дінге сеніп, әлем мәдениетінің қалыптасуына теңдесі жоқ үлес қосып, бүгінгі түокі халықтарына ортақ мәдениет пен тарихтың көне бастауы болғанын бүгінгі ұрпақ өмір тәжірибелерінен көріп отыр.
Зерттеуші ғалымдар, А. Қасымжанов, Ж. Алтаевтың: “Біз тарихқа 14- ғасырдың басынан бастап қазақ деген етпен енсек те, мың жылдық мәдениеті, философиясы, әдебиеті, тарихы бар халықпыз...” деген ғылыми тұжырымдары жоғарыда айтылып кеткен ойларымызға дәлел болып тұр.
Қазақ халық педагогикасының тарихын адамзат дамуының қоғамдық құрылыс кезеңдеріне сай, біздің ойымызша, 8 кезеңге бөліп қарастыру қажет. Оны мына кестеден көруге болады.