Ќазаќстан Республикасыныѕ Білім жјне єылым министірлігі


Балаға ат қою рәсімінің ырымдық мәні



бет73/89
Дата06.02.2022
өлшемі1,38 Mb.
#81616
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   89
Байланысты:
Isaeva.Etnoped-2012

Балаға ат қою рәсімінің ырымдық мәні


Балаға ат қою рәсімі, көбінесе, шілдехан ойын-сауық кезінде орындалады. Ертеде нәрестеге ат қою рәсімін, негізінен, жанұядағы ең үлкен ұлағатты кісі орындаған. Мұсылман дінінің рәсімі бойынша балаға “Азан шақырып ат қою” рәсімін қарт діндардан қажыға дейін құдай жолына берілген, иманы кәміл, адал жанды, ардақты адам орындайды. Тұрмыстық және әлеуметтік жағдайға байланысты, балаға ат қою рәсімін ата дәстүрінен аумай, салтанатты түрде өткізудің мєні зор,. Жанұяда балаға ат қою рәмімін орындаушылар кезегі: баба, ата, әке, ана, т.б. Егер баланың бабасы бар болса, ол-үлкен бақыт. Батасын беріп, бабасы ат қойған ұрпақ, кейін бабасын мақтанышпен еске алады, оның бауырмашылдығы, үлкен адамды құрметтеуі басқалардан басым болады.
Балаға ат қоюда қазақ халқы, көбінесе,атақты адамдардың атын қойды дәстүрге айналдырған. Мысалы: елін сүйген ерлердей болсын деп халық ұл балаларын: Алпамыс, Төлеген, Бауыржан,Тоқтар деп атаса, қыз балаларын: Мәншүк, Әлия деп атайды, мөлдір махаббат пен асқан сұлулықты қастерлеген халық қыз балаларын көбінесе: Баян, Жібек, Ақтоқты,Қарашаш, Айгерім, Ақбала деп атайды.
Ертеде баласы тұрмай, шетіней берген соң ата-ана ырым етіп, балаларына-Итбай,Байбөрі, Итемген, Күшікбай, т.б. ат қойған.
Аттың атау кезінде жан-жүйеге әсер ететін, әдептілікке бейімдейтін қасиеттері сол аттың өз мәніне байланысты болады.
Балаға ат қоюда ұлағаттылық пен жауаптылық қажет. Кейде баланың бастапқы аты ол өсе келе түрлі себептерден “дуалы” ауыздардан шыққан қосымша атаулармен өзгеріп отырады (Әбілмәмбет-Сабалақ-Абылай, Ыбраим-абай, Сәдуақас-Сәкен, т.б.).
Әрбір адам есімінің өзіне лайық мағынасы болатындықтан, ат қоюда сол ат қоюшы есімінің түпкі мәнін, болашақтағы маңызын жақсы білуге тиісті. Қазақ есімдерінің көбісі көне түрік, араб сөздерінен болғандықтан, есімдердің мәнін кез-келген адам біле бермеуі мүмкін (мысалы: Ықлима-асыл, Ахмет-мақтаулы, Әбдікерім-мейірман,Баян-айқын, Ғабит-Бас июші, Ғали-бай, Зәкір-ес, Сәбит-берік, Перизат-әдемі, Ләззат-тәттілік, Мәрзия-сүйкімді, Медет-жәрдем, Рахат-тыныштық, Уәли-әкім, Тағай-нағашы, Талғат-өң, рең, т.б.).
Бесік тойы дәстүрінің ұлттық мәні
Қазақ баласының бесігі-құс төсек, жастық, жаялық, жөргек, қол бау, тізе бау, тізе жастық, бесік көрпе, шүмегі мен түбегі тазалық үшін ыңғайлы нәрселерден даярланған, екі басы доғаша иіліп жасалынған, құрау шабақтары нығыз қиюластырылған, екі қос аяқтары дөңес табанды, арқалығы өрнектелген жанұә.
Бесікке салу рәсімі көбінесе, баланы қырқынан (қырық күннен соң шілде шашын қырқып, суға күміс теңге салып шомылдыру) шығарған соң кішігірім той ретінде өтеді. Бесікке салу рәсіміне шақырылған ауыл-үйдың әйелдері шашуын, жол-жорасын ала келеді. Баланы алғаш рет бесікке бөлеу рәсімі ұрпақ өсірген үбірлі-шүбірлі әйелге тапсырылады. Бесікті жабдықтау, Бесік шашуын жасау, түбек үстін отпен аластау, баланы бөлеу ырымдары мен дєстүрлерін орындау мерейлі, өнегелі түрде жүргізілуге тиіс. Баланы бесікке салушыға жәнге оның көмекшілеріне ата-ана атынан көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі бола беруіне тілектестік білдіреді. Ана қуанышы, аналар мейірімі, ырымдағы имандылық пен ізеттіліктер, бата беру дєстүрі аналардың аналық махаббатын арттырып, мерейін тасытады.
Беташар.
Беташар-қазақ халқының келін түсіру салтанаты кезінде, келінді құрметтеп, оған әлім бере айтылатын дәстүрлі салт жыры. Беташар келін түсіру тойы ортасынан ауған кезде басталатын. (Қазіргі салт бойынша беташар жыры жар-жар жырынан соң айтылады). Бұрын той асы ішіліп,сауық қызған кезде, бұған дейін оң жақта шымылдық ішінде жаңа жұрт алдынан жүз тасалап отырған келінді басына шєлі бүркеп, екі келіншек ( екі жеңгесі) екі жағынан қолтықтап көпшіліктің алдына алып шығады. Әуелі үшеуі қоса келіп, қалың көпке тізе бүгіп сәлем береді. Осы кезде келіннің бетін ашатын кісі ( жыршы, ақын немесе ауылдың осындайға бейімі бар әнші жігіті) бұлардың қасына барып тұрады. Келіннің енесі ақша, теңге түйілген жібек орамалды қамшының сабына, немесе таяқтың ұшына байлап, бет ашатын кісінің қолына ұстатады. Ол қамшының сабымен (таяқтың ұшымен) келіннің кеудесіне дейін түскен шєліні желпіп тұрып беташар жырын айтады. Жаңа түскен келіннің моралдық (өнегелік, адамгершілік) (заңы) кодексі іспетті болып табылатын бұл беташар жыры үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде жыршы келіннің көрік келбетін мақтайды.
Беташардың екінші бөлімінде жыршы әндетіп тұрып келінді жаңа жұртпен – ауылдың ақсақалдарымен, өзінің атасымен, енесімен, қайнағалары-мен, абысындарымен, қайындарымен жеке-жеке (өлеңмен) таныстырады.
Келін сәлем қылатын әрбір адамның мінез-құлқын суреттеп, әрқайсысына арнайы сәлем еткізеді. Бет ашушы “Пәленге бір сәлем!”
деген сайын екі жағындағы екі келіншек келіннің бетін ашып, қайта жабады, келін иіліп, аталған адамға тағзым етеді. Сөйтіп, ол түскен жеріндегі адамдармен әрі танысып, әрі олардың жақсы қылықтарынанүлгі-өнеге естіп, тәлім алады.
Беташардың үшінші бөлімінде жыршы келіннің жүзін көргендері ұшін үлкендерден көмек сұрайды.
Осы арада жыршы кейбіреулердің сараңдығын шенеп, әжуа-күлкіге айналдырып жұртты да, келінді де күлдіреді. Сөйтіп, ол келінге тойға келген қалың көптен мал жинасып береді. “Келіннің бетін кім ашса, сол ыстық” деген мәтел осыдан туған. Беташар жыры арқылы халық жас келінді келін боп түскен күннен бастап тәрбиелейді.
Сыңсу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   89




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет