Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет109/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Эпидемиологиясы
Оба кезіндегі эпизоотикалық және эпидемиологиялық 
процестер толқын тәрізді өтеді. Соңғы аурудың өршу кезеңі 1997-2003жж аралығында 
болған. Ресми көрсеткіштер бойынша Қазақстанда обамен 17 адам ауырған (1-Атырау, 2-
Ақтөбе, 8-Қызылорда, 6-Манғыстау облыстарында). Аурудың өршуі кеміргіштермен 
бүргелердің санымен байланысты. Оба кеміргіштердің санын тексеріп тұратын ауру деп 
айтуға болады.
Оба қоздырғышын биологиялық қару ретінде қолдануы мүмкін.
Табиғи ошақтарда 
спорадикалық оба
кездеседі. Эпидемиологиялық процестің бұл 
түріндегі ерекшіліктері: бір немесе бірнеше адам ауырады, аурудың полиморфты 
клиникалық түрлері дамиды, диагностикаға қиыншылық түседі, адам эпидемиологиялық 
процеске байқамай кіріп кетеді. Табиғи ошақтарда аурудың көзі - ауру жануарлар 
(жабайы кеміргіштер – құм тышқан, сұр тышқан, шақылдақ тышқан, егеуқұйрық, 
сарышұнақ, тарбаган). Бұл аурудың негізгі көзі. Аурудың қосымша көзі - жыртқыштар 
(қасқыр, койот, қарсақ, түлкі) кеміргіштермен, өліктермен қоректенеді. Осылармен бірге 
қоян, ондатра, тиін, кузен, кірпі, борсық, жабайы шошқа, сайғақ, үй кеміргіштері аурудың 
резервуары болып табылады. Үй жануарларынан обамен түйе және мысық аурады. 
Мысықтар кеміргіштерді аулап, үйге әкеліп олармен қоректенеді. Обаның ауру көзі 
ретінде түйелердің ролі маңызды. Зақымдалған түйені сойғанда 3-7 адам қатысады
тоңазытқыш жоқтығынан түйенің етін таратып жібереді. Осындай жағдайда топтасқан 
адамдар ауруға шалдығыды. Жануарлардың арасында берілу механизмі және жолы –
трансмиссивті, қан сорғыштар арқылы. Тасымалдаушы – бүргелер және кенелер (сирек). 
Бүргенің ағзасында қоздырғыштан блок пайда болады, сау адамды шаққанда бүргелер 
ішіндегі қоздырғышты қанға енгізеді. 
Адамдар обаны келесі жолдармен жұқтырады: 
1. трансмиссивті – бүрге, немесе кенелер арқылы;
2. контактілі-жарақатты (жанасу) – ауру жануарларды бауыздап сойғанда
терімен жұмыс істегенде, етін бөлшектегенде; 


97 
3. алиментарлы – ауру жануарлардың шикі немесе піспеген етін, немесе 
жануарлардың зәрімен, нәжісімен заладанған су, тағам арқылы; 
4. аэрогенді – ауа-шаңды (заладанған шаң арқылы). 
Эпидемиялық оба
кезіндегі эпидемиологиялық процестің ерекшелігі: аурудың көзі -
 
өкпелік түрімен ауыратын адам; берілу
жолдары – ауа тамшылы, жанасу арқылы. 
Қабылдаушы макроорганизм – барлық адамдар сезімтал. Ауру өрт сияқты таралу мүмкін. 
Адамдарда аурудың өкпелік түрі дамиды. Эпидемиялық оба мономорфты, ал 
спорадикалық оба полиморфты клиникалық түрлерімен сипатталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет