Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет108/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 
ОБА
 
Анықтамасы. 
Оба
-
Iersinia pestis қоздыратын, трансмиссивті механизммен 
берілетін, жоғары қызбамен, айқын улану нышандарымен, лимфа түйіндердің, өкпенің 
және басқа ағзалардың геморрагиялық - некрозды қабынуымен сипатталатын аса қауіпті, 
табиғи ошақты жедел жұқпалы ауру. 


96 
Тақырыптың өзектілігі. 
Адамзат тарихында обадан қатерлі, обадан қырғын, одан 
асқан қанды шеңгелді апат болмаған. Оба – табиғи ошақты зооноз. Табиғи ошақтарда 
жануарлардың арасында аурудың таралуы энзоотия деп аталады. Обаның энзоотикалық 
ошақтары (қоздырғыштың ұзақ уақыт бойы айналымы сақталатын аймақтар) Батыс 
Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Оң түстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл, Алматы, 
Талдықорған облыстары болып саналады. Аурудың маңызды ошақтары Каспий, Арал, 
Алматы облыстарында орналасқан. Табиғи ошақта адам обаны жұқтыруы мүмкін. Обаның 
өкпелік түрі дамыған кезде бұл спорадикалық ауру аз уақытта індетке айналуы мүмкін.
Тарихи мәліметтері
Аурудың 1-пандемиясы
 
«Юстиниан обасы»
542 ж Египетте, Еуропада, Үндіcтанда 
өткенде 100 000 адам қаза тапты. Аурудың 2-ші пандемиясы - «Қара ажал» кезінде (1333-
1369 жж) Еуропа тұрғындарының 1/3 өлімге ұшырады. Аурудың 3-ші пандемиясы (1894ж) 
Қытай мен Үндістанда өткен. 10 жыл аралығында 12 миллион адам зардап шекті. 
Аурудың қоздырғышын 1894 ж. Қытайда науқастардан Alexander Yersin бөліп алды.
Этиологиясы. 
Обаның қоздырғышы
 
-
Iersinia 
pestis

Enterobacteriaceae 
тұқымдастығына, Iersinia тобына жатады. Бояғанда биполярлы грам «теріс» ұсақ таяқша 
тәрізді, спора түзбейтін, факультативті анаэроб. Қоздырғыш қарапайым қоректі орталарда 
өседі. Құрамында оксидаза, фибринолизин және т.б. ферменттер бар. Антигендік құрамы 
күрделі - соматикалық термостабилді, капсулалық термолабилді және 30-ға жақын 
антигендері бар. Гиалуронидаза, коагулаза, гемолизин, фибринолизин түзеді. Жоғары 
темпертураға төзімсіз – 50-70°С- та 30 мин.,100°С-та 1 мин. аралығында жойылады. 
Төменгі температурада жақсы сақталады: мұз болып қатқан өлікте 7 айдан 1 жылға дейін, 
аш бүргенің ішінде 396 күн, таскенеде 509 күн сақталады. Залалсыздандырушы 
ертінделірге (сулема 1:1000, 3-5% лизол ертіндісі, 3% карбол қышқылы) сезімтал. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет