21
түйіндерде некроз дану процестері пайда болады. Некрозданған тіндер бөлінгенде жара
пайда болады.
6. Иммунитет қалыптасу және айығу сатысы –реконвалесценция кезеңіне сәйкес
келеді.
Ауру қоздырғышының элиминациясына бағытталған иммунитеттің реакциясы
құрылады. Аурудан кейін тұрақты және ұзақ иммунитет қалыптасады. Іш сүзегінің
қайталануы сирек кездеседі. Жұқпалы аурулардың даму кезеңінде қорғаушы реакциялар
пайда болып, олар организмнің қоздырғыштардан босануына көмектеседі. Бұл процесте
маңызды роль ерекше антиденелерге тән (опсониндер, агглютининдер, бактериолизиндер,
преципитиндер, антиэндотоксиндер), сонымен қатар микро және макрофагтардың
фагоцитарлық белсенділігінің күшеюіне де тән екендігі анық.
Қазіргі уақытта ұзаққа созылатын бактерия жұқтырушы, іш сүзек ауруының
созылмалы түрі сияқты қарастырылуда, мұнда мононуклеарлы-фагоцитар жүйелерінің
клеткаларында қоздырғыш сақталады. Созылмалы бактериотасымалдашыларында
макроглобулинді О-антиделердің (19 S немесе IgM) дефициті табылған.
Достарыңызбен бөлісу: