Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет17/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Диспансеризация
(француз dispensaire - босату) - аурулардың дамуын және 
таралуын алдын алуға, адамның еңбекке жарамдылығын қалыптастыруға және оның 
белсенді өмірлік кезеңін ұзартуға бағытталған шаралар комплексі. 
Диспансеризацияның 
негізгі мақсаты – халықтың денсаулығын, еңбекке 
жарамдылығын сақтау және жақсарту, адамдар өмірін ұзарту болып табылады. Бұл 
мақсатта ауруларды белсенді анықтау және ерте емдеу, аурудың пайда болу және таралу 
себептерін анықтау және жою, санитарлық гигиеналық, профилактикалық, емдік – сақтау 
және әлеуметтік шараларды өткізу жолымен жетеді. 
Жұқпалы аурулар реконвалесценттерінің диспансерлік бақылауы бұйрықтарға және 
нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады. Жұқпалы ауруханадан шығарылған 
реконвалесценттер ЖАК дәрігерінің немесе учаскелік дәрігердің (жалпы тәжірибе 
дәрігері) диспансерлік бақылауына жолданады.
Көптеген жұқпалы ауруларда диспансерлік бақылау мерзімдері, ЖАК дәрігердің 
тексеру жиілігі, лабораториялық және басқа зерттеулер тізімі және кезеңділігі белгіленген. 
Қажет болса басқа мамандардың кеңесі жүргізіледі: терапевт, кардиолог, невропотолог 
және т. б. Сонымен қатар, жұқпалы аурулар реконвалесценттерінің диспансеризациясы 
мақсаттарына емдік – сауығу, реабилитациялық шаралар жүргізу, қосымша патологияны 
анықтау және емдеу кіреді. Егер қажеттілік болса медикаментозды ем жалғастырылады. 
Диспансерлік бақылауды жүргізетін дәрігер науқас өмірінің саласын жақсартуға 
бағытталған, диета бойынша ұсыныстар береді; физиотерапиялық процедуралар, емдік 
дене шынықтыру және санаториялық – курорттық ем туралы сұрақтарды шешеді. Одан 
басқа дәрігіердің міндеттеріне науқастың еңбек және демалыс тәртібі туралы, уақытша 
еңбекке жарамсыздың экспертизасы туралы сұрақтарды шешу кіреді. 
Тағам өндірісінде жұмыс істейтін немесе оларға теңестірілген адамдарда ұзақ 
бактериятасымалдаушылық анықталса, эпидемиологпен бірге олардың басқа жұмысқа 
ауыстырылуы туралы сұрақ шешіледі. 
Реабилитация
(латын re – қайта; habititas – қасиет, жарамдылық) – науқастың ауру 
әсерінен бұзылған денсаулығын және еңбекке жарамдылығын тез және толық 
қалыптастыруға бағытталған медициналық және әлеуметтік – экономикалық шаралар 
жүйесі. 
Жұқпалы аурулар кезіндегі науқастың реабилитациясы ең алдымен организм 
тіршілігін демеуге және науқастың жаңа жағдайларға, қоршаған ортаға, сонымен қатар 
әлеуметтік факторларға (қоғам, еңбек) үйренуін жақсартуға бағытталған.
Жұқпалы аурулар кезіндегі реабилитациялық шараларды аурудың өршу кезеңінде 
немесе ерте реконвалесценция кезеңінде бастау керек.
Ауруханадан шыққан соң реабилитация өту үшін науқастар реабилитациялық 
орталықтарға немесе санаторияларға, одан кейін емханаларға (ЖАК) жолданады. 
Реабилитация орталықтарындағы және санаториялардағы қалыптастыру шаралары 
міндетті болып табылмайды. Жұқпалы науқастарының көбісі реабилитациялық емді 
ауруханада, кеін емханада (ЖАК) өтеді. Егер науқас ауруханаға жатқызылмаған болса 
барлық реабилитациялық шаралар амбулаторлық – емханалық қызметпен өткізіледі. 
Реабилитация комплексті түрде жүреді. Негізгі емдік – қалыптастыру шаралары – 
тәртіп (аянышты, аянышты шынықтыру, белсендіруші), емдік диета, емдік дене 
шынықтыру, физиотерапия, психотерапиялық әдістер. Сонымен қатар, фармакологиялық 
дәрілер де қолданылады: ноотропты препараттар, адаптогендер, поливитаминдер. 
Аурудың нозологиялық түріне назар аудару керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет