Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары



Pdf көрінісі
бет14/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары 
Жұқпалы науқастардың емі дәрілердің жанама әсерімен және дәрілік ауыруымен 
асқынуы мүмкін. Асқынуларға дисбактериоз, иммуно-аллергиялық бұзылыстар 
(анафилактикалық шок, сарысулық ауру, Квинке ісінуі, токсико-аллергиялық дерматит, 
васкулит, 
т.б.), 
токсикалық 
зақымдалулар 
(гепатит, 
нефрит, 
агранулоцитоз, 
энцефалопатия, т.б.) және аралас генезді бұзылыстар жатады. Көбінесе спецификалық 
және химиотерапиялық препараттармен этиотропты ем нәтижесінде дамиды. Дәрілік 
аурудың ең қауіпті түрі – анафилактикалық шок. 
Сарысулық ауру – аллергеннің қайта енгізілуінің нәтижесінде дамиды (әдетте емдік 
сарысулар, гаммаглобулиндер, кейде иммуноглобулиндер, пенициллин, т.б.). Ол қан 
тамырлар мен дәнекер тіндердің қабынуымен сипатталады. 
Антигенді қайта енгізу нәтижесінде организмде әр түрлі классқа және түрге 
жататын антиденелер өндіріледі. Олар қан тамырлар қабырғасында бекітілетін, 
комплементті активтейтін қан айналымында жүретін иммундық комплекстерді түзеді. 
Бұның нәтижесінде қан тамырлар өткізгіштігі артады, қабырғалары инфильтрацияланады; 
бүйрек шумақтарының, миокардтың, өкпенің және басқа мүшелердің қан тамырлық 
капиллярлары тарылып, бітеледі; жүрек клапандары және синовиальды қабаттар 
зақымдалады. Қанда антиденелер пайда болуынан 3-7 күннен кейін иммундық 
комплекстермен антиген жоғалып, бірте-бірте сауығу болады.
Полиневрит, синовиит, тері және тері асты майлы клетчаткасының некрозы, гепатит 
сияқты сарысулық асқынулары сирек кездеседі. 
Дисбактериоз 
– антибактериальды препараттар (көбінесе кең спектірлі 
антибиотиктер) қолданудың нәтижесінде дамиды. Дисбактериоз биоценоз бұзылыстарына 
байланысты бірнеше түрге бөлінеді: кандидозды, протейлік, стафилококкты, 
колибациллярлы, 
аралас 
микрофлораның 
өзгерістерінің 
дәрежесі 
бойынша 
компенсацияланған, суб- және декомпенсацияланған варианттары ажыратылады. 
Дисбактериоз жергілікті, жайылмалы және жүйелік (генерализацияланған, немесе 
септикалық) түрде өтуі мүмкін. Көбінесе ішек дисбактериозы дамиды. 
Ішек микрофлорасының зақымдалуы ас қорыту процестерінің бұзылыстарына, 
эндогенді интоксикацияға әкеп соғады; екіншілік иммунодефициттің және басқа 
мүшелерде қабыну процестердің пайда болуына әкелуі мүмкін. 
Ішек дисбактериозының көріністеріне жиі сұйық немесе жартылай сұйық нәжіспен, 
іштің ауыру немесе қолайсыз сезімі, метеоризм жатады. Сонымен қатар дене салмағы 
төмендейді, гиповитаминоз (глоссит, хейлит, стоматит, терінің құрғақтығы түрінде), 
дерматит, 
астения, 
анемия 
дамиды. 
Кейде 
ұзақ 
субфебрилитет 
болады. 
Ректоромоноскопия арқылы тік және сигма тәрізді ішектер шырышты қабатындағы 
қабыну және субатрофиялық өзгерістерін анықтауға болады. 
Орофарингеальды дисбактериоз кезінде ауыз-жұтқыншақтағы қолайсыз сезім және 
күйдіру сезімі, жұтынудың бұзылуы мазалайды. Қарап тексергенде шырышты қабаттың 
гиперемиясы және құрғауы, глоссит, хейлит анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет