14
мөлдір, тұнбасы болмауы қажет. Бұл препараттарды ұсынған температурада сақтау қажет.
Сарысулар мен иммуноглобулиндерді қолдану орнында шокқа қарсы дәрілер болуы керек.
Бактериофагтар қазіргі кезде көбінесе ішек инфекциялары кезінде қосымша ем
ретінде қолданылады. Патогенді бактериялар әр түрлі фаготиптерге жатуы мүмкін,
сондықтан керекті бактериофагты таңдау қиындыққа соғады. Сонымен қатар, адам
организмінде еңгізілген бактериофагқа қарсы антифагтық антиденелер түзіледі.
Бактериофагтарды ауыз арқылы қабылдауға арналған қышқылға тұрақты жабындымен
қапталған таблеткалар түрінде (іш сүзектік, дизентериялық, сальмонеллездік),
суппозиторий түрінде (дизентериялық), сұйық түрде (іш сүзектік бактериофаг), құрғақ
түрде (стафилококктың, стрептококктың, коли-протейлік т.б.). Бактериофагтардың сұйық
түрлері ауыз арқылы, тік ішек арқылы және қабыну ошағында жергілікті қолданылады
(тампон, шашырату, тері ішілік және бұлшық етке еңгізу т.б.). Препараттар 5-7 күн бойы
қолданылады, курстары жиі қайталанады.
Вакцинотерапия организмнің қорғаныс механизмдерінің белсендіруге бағытталған
жұқпалы аурулар емінің спецификалық әдісі болып табылады. Вакцина препараттары
«мұражайлық» микробтық штаммдарынан немесе науқастан бөлінген қоздырғыштар
дақылынан (аутовакцина), инактивацияланған микроорганизмдерден немесе олардың
патогендік қасиеттерін жоғалтқан токсиндерінен (анатоксиндер) жасалынады. Әдетте
вакциналар жұқпалы аурулардың созылмалы және созылыңқы түрлерінде және кей
жағдайларда жедел жұқпалы процесс кезінде қолданылады.
Вакцинотерапияны ауруханада жүргізген дұрыс, себебі қауіпті асқынулар дамуы
мүмкін (жұқпалы аурудың айқын асқынуы немесе қосымша патологияның активизациясы,
анафилаксиялық реакциялар т.б.). Қазіргі кезде жаңа, жетілген иммунотерапия әдістері
пайда болуда, сондықтан вакцинотерапия қолдануы шектеліп, кей жағдайларда тиім
салынған (бруцеллез).
Достарыңызбен бөлісу: