8
консистенциясын, ауырлық сезімін, қоршаған тіндермен байланысын анықтау қажет. Бұл
синдромдар жайылмалы инфкцияларға тән. Ішкі мүшелер белгілі ретпен тексеріледі.
Эпидемиологиялық анамнезінде
жұқпалы аурулармен қатынас туралы, тұрмыс,
тамақтану
жағдайлары
туралы
мәлімет
жиналады.
Жұқпалы
аурулардың
диагностикасында гемограмма, копрограмма және урограмма көрсеткіштерінің маңызы
зор.
Зертханалық зерттеулерге әртүрлі материалдар алынады: қан, нәжіс, зәр,
асқазанның жуынды сулары, анқаның жағындысы, жаралардың бөлінділері, жұлын
сұйықтығы, қақырық және т.б.
Арнайы
әдістерге
бактериологиялық,
вирусологиялық,
микроскопиялық,
серологиялық, биологиялық әдістер және терілік-аллергиялық сынамалар жатады.
Соңғы жылдары жұқпалы аурулардың стандартты анықтау қағидалары
құрастырылып тәжірибелік жұмысқа енгізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігінің №623 (15 желтоқсан 2006 ж.) бұйрығы бойынша
есепке алу және тіркеу кезінде адамның аса қауіпті жұқпалы аурулары жағдайларын
анықтау жөніндегі медициналық қызмет саласындағы стандарттар құрастырыған.
Есепке
алуға және тіркеуге жататын жұқпалы аурулардың тізбесі:
1.
Оба.
2.
Туляремия.
3.
Күйдіргі (түйнеме).
4.
Бруцеллез.
5.
Конго-қырым геморрагиялық қызбасы.
6.
Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба.
7.
Шешек.
8.
Ботулизм.
9.
Кенелік энцефалит.
10.
Тырысқақ.
Қазір басқа жұқпалы аурулар жағдайларын стандартты анықтамалары
құрастырылып жатыр. Жұқпалы аурулар жағдайының стандартты анықтау қағидалары
келесі мәліметтерге негізделеді:
Жұқпалы аурулардың
күмәндану жағдайы;
Жұқпалы аурулардың
ықтимал жағдайы;
Жұқпалы аурулардың
расталған немесе дәлеледенген жағдайы.
Жұқпалы аурулардың күмәндану жағдайы аурудың аса тән клиникалық белгілеріне
негізделінеді, ықтимал жағдайы эпидемиологиялық мәліметтерге негізделінеді, расталған
немесе дәлеледенген жағдайы зертханалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделінеді.
Жұқпалы аурулардың күмәндану және ықтимал жағдайы анықталса жедел түрде
санэпидстанцияға хабарландыру беру керек. Осы кезден бастап ауруға қарсы алдын алу
шаралар жүзеге асыралыды. Жұқпалы аурулардың расталған жағдай анықталса аурудың
диагнозы дәлелденіп ресми түрде тіркеуге кіреді.
Достарыңызбен бөлісу: