Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


-  микроағзалардың токсиндерді түзіп,  бөлу қасиеті.  Экзотоксиндерді



Pdf көрінісі
бет6/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР


микроағзалардың токсиндерді түзіп, 
бөлу қасиеті. 
Экзотоксиндерді
 
тірі микроағзалар бөледі, ал 
эндотоксиндер
микроағза 
ыдыраған кезде бөлінеді. Паразиттерге тән қасиет – олардың патогенділігі (гр. pathos – 
зардап шегу, genos - туылуы), яғни ауру тудыруы. Паразиттер тудыратын аурулардың 
аталуы паразит атының түбірінен және оған os, кейде es немесе as жұрнақтарының 
қосылуынан шығады. Осыдан бір жасушалы қарапайымдылар лейшманий тудыратын 
ауру – лейшманиоз, дизентериялы амеба тудырған ауру – амебиаз, бауыр сорғышы немесе 
фасциоланың ауруы – фасциолез деп аталады. 
Микроағзалар адам ағзасына белгілі тіндер арқылы енеді. Кейбір микроағзалар 
(түйнеменің, сіреспенің, тілменің қоздырғыштары) тері арқылы енеді. Грипптің
қызамықтың қоздырғыштарының ену орны – тыныс жолдарының шырышты қабаттары. 
Ал дизентерияның, іш сүзегінің қоздырғыштары ас - қорыту жолдарының шырышты 
қабаттары арқылы енеді. Кейбір жағдайларда қоздырғыштың ену орнында (кіру қақпасы 
аймағында) аурудың біріншілік региональды турлері дамиды (мысалы, оба кезінде 
микроорганизм тері арқылы енсе, аурудың терілік, бубонды немесе терілік-бубонды түрі 
дамиды; тыныс жолдары арқылы енсе - өкпелік түрі дамиды, ас қорыту жолдары арқылы 
енсе баспалы немесе абдоминальды түрі дамиды). Ену орнынан қоздырғыш макроағзада 
әртүрлі жолдармен тарайды: лимфогенді (лимфа арқылы), гематогенді (қан арқылы), 
лимфо-гематогенді. 
Микроағзаның қанға енуі 
бактериемия
 
(іш сүзегі), 
вирусемия
(грипп), 
риккетсемия
(эпидемиялық бөртпе сүзегі) немесе 
паразитемия
 
(безгек) деп аталады. 
Грам «теріс» бактериялар ыдыраған кезде эндотоксиндер бөлініп бактериемия мен бірге 
токсинемия дамиды. Кей жағдайларда қоздырғыш ену орнында қалып, ағзаға тек 
токсиндер әсер етеді. Бұл жағдайда


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет