Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет4/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Жұқпалы 
аурулар
– 
патогенді 
вирустармен, 
бактериялармен 
және 
қарапайымдылармен қоздырылатын аурулар тобы.
Инфекциялық процесс
– қоздырғыш пен макроорганизмнің белгілі бір жағдайдағы 
өзара әрекетінің күрделі комплексі. 
Қоздырғыш пен адам ағзасының өзара әрекетінің түрлері әртүрлі болып келеді 
және қоздырғыштың биологиялық қасиеттеріне, макроорганизм ерекшеліктеріне 
байланысты. Бұл әрекеттің бірнеше түрлері бар. 
Клиникалық белгілерімен көрінетін (манифестік)
түрлерінің жедел және 
созылмалы ағымын ажыратады. Көбінесе, жұқпалы ауруларға жедел басталауы тән. Ол 
аурудың патогенезінің бактериемия сатысына сәйкес болып келеді. Қоздырғыш көбейіп 
көп мөлшерде қанға өткенде дене температурасы күрт жоғарлайды. Ол ағзаның қорғаныс 
реакциясына жатады. Себебі, дене қызуы көтерелілген жағдайда қанның бактерицидті 
әсері жоғарлайды. Сондықтан, жұқпалы аурулар кезінде антипиретикктерді қолдануға 
тыйым салынады. Интоксикацияға қарсы күресу барысында көп мөлшерлі су ішу, немесе 
ертінділерді тамыр ішіне енгізу қажет.
Ал, жұқпалы аурулардың созылмалы түрі қоздырғыштың адам ағзасында ұзақ 
сақталып қалуына байланысты (мысалы созылмалы бруцеллез, созылмалы вирусты 
гепатиттер және т.б).



 
Ауырлығы бойынша
манифесттік инфекция жеңіл, орташа ауырлықтағы және ауыр 
деп бөлінеді. Жұқпалы аурулардың ауырлық дәрежесі интоксикация дәрежесіне 
байланысты.
Қоздырғыш қайтадан жұққан жағдайда 
реинфекция
дамиды. Егер реинфекция 
біріншілік ауру аяқталғанға дейін пайда болса

суперинфекция
дамиды. 
Сонымен қатар, микро- және макроағзаның арасындағы әрекеттің ерекше түрі бар: 
инфекция тасымалдаушылық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет