Салыстырмалы диагностикасы. Салыстырмалы диагностикасы А гепатитпен
салыстыратын аурулармен жүргізіледі. Кей жағдайларда созылмалы В гепатитінен де
ажырату керек болуы мүмкін.
Емі. Емдік шаралар А гепатиті кезіндегідей. В гепатиттің жедел циклдік ағымы
кезінде вирусқа қарсы дәрілер көрсетілмеген. Оларды созылыңқы (прогредиентті) ағымы
кезінде қолданған дұрыс.
Қазіргі кезде В гепатитте қолданылатын негізгі вирусқа қарсы препарат – альфа-
интерферон; нақты айтқанда, оның рекомбинантты (интрон А, роферон А, реальдирон)
және нативті (вэллферон, адамның лейкоцитарлы интерфероны) препараттары. Альфа-
интерферон 3-5 млн. МЕ аптасына 3 рет тері астына немесе бұлшық етке 1-3 айға
тағайындалады. Емнің осындай курсын өткізгенде процестің созылмалы түрге айналу
мүмкіндігі 5 есе азайады.
Сонымен қатар этиотропты еміне химиопрепараттар жатады, мысалы
- синтетикалық нуклеозидтер: фамцикловир (фамвир) – 750 мг/тәулігіне;
ламивудин (эпивир) – 150-300 мг/тәулігіне; зидовудин (ретровит, азидотимидин, тимозид)
– 500-600 мг/тәулігіне; диданозин (видекс) – 300 мг/тәулігіне; рибавирин 1000-1200
мг/тәулігіне;
- протеаза ингибиторлары:
саквинавир (инвираза) – 600 мгх3 рет/тәулігіне,
индинавир (криксиван) – 800 мг х 3 рет тәулігіне;
- интерферон индукторлары: неовир (циклоферон) 250-500 мг бұлшық етке, 1 күн
ара, амиксин 125 мг-нан тамақтан соң, бірінші 2 күні тәулігіне 2 рет, кейіннен бір күн ара;
- иммуномодуляторлар: лейкинферон – 1 ампуладан бұлшық етке – 1 күн ара;
интерлейкин–1 (беталейкин) – 15 нг/кг көк тамырға тамшылатып күн сайын – 5 күн;
интерлейкин–2 (ронколейкин) 0,5-2 мг көк тамырға тамшылатып – 2-3 күн ара; тимус
препараттары (тималин, тимоген, Т-активин) 1 мл-ден бұлшық етке күн сайын 5-10 күн.
В гепатиттің ауыр түрінде және жедел бауыр жетіспеушілігінің белгілері пайда
болған да интенсивті терапия жүргізіледі. Науқастарды бақылау және олардың күтімі өте
маңызды. Психомоторлы қозу нaтрий оксибутиратымен (20%-тік ерітіндісі көк тамырға
10-20 мл, баяу түрде) тежеледі; сонымен бірге бұлшық етке седуксен (0,5%-тік -2,0 мл)
енгізуге болады. Нaтрий оксибутиратын еңгізе отырып, гипокалиемияны коррекциялау
қажет (энтералды жолмен түспеген жағдайда көк тамырға тамшылатып 6 г/тәулігіне
еңгізу). Аутоинтоксикацияны азайту үшін асқазан жуу (назогастралды зонд аркылы) және
биік немесе сифонды клизмалар жасау керек. Аутоинтоксикацияны азайту мақсатымен
антибиотиктер,
энтеросорбенттер
де
қолданылады.
Науқасқа
парентералды
қоректендірумен қатар бөлшектік энтералды тамақтандыру жүргізеді. Сопор немесе кома
жағдайындағы науқастарды назогастралды зонд арқылы қоректендіреді. Бұл кезде
майсызданған белоксыз энпиттер, балалар тағамын қолдануға болады.
Глюкокортикостероидтар (преднизолон-тәулігіне 180-240 мг) көк тамырға
еңгізіледі.
Инфузиялық емге инсулин қосылған глюкоза-калий ерітінділері, альбумин, амин
қышқылының қосындылары, протеин жатады. Инфузияларды жасай отырып,
сұйықтықтың тәуліктік теңгерімін (баланс) мұқият бақылау керек. Протромбин индексі
төмендеген жағдайда (50%-тен төмен) жаңадан мұздатылған плазма қолданылады.
Геморрагиялық синдром дамыған кезде протеолиз және фибринолиз ингибиторлар
енгізіледі (эпсилон-аминокапрон қышқылының 5%-тік ерітіндісі 200 мл-ден тәулігіне 2
рет, контрикал 100-200 мың ЕД немесе гордокс 800-1200 ЕД әр 3-4 сағат сайын).
Мидың гипоксиясын және ісініп-домбығуын алдын алу үшін мұрын катетрлері
арқылы 5 л/сағ. жылдамдығымен ылғалданған оттегі үнемі ингаляцияланады.
234
Оксигенобаротерапия көрсетілген. Бұл шараны ерте қолданған жағдайда (тәулігіне 2-3
сеанс) команың дамуын алдын алуға болады.