Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет251/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Жедел бауыр жетіспеушілігінің
клиникасы жедел бауыр энцефалопатиясымен 
көрінеді. Жедел бауыр жетіспеушілігінің үш дәрежесін ажыратады: I-II-прекома, III –
кома. 
ЖБЭ (жедел бауыр энцефалопатиясы)-ң I-ші дәрежесі
– психика мен естің аздап 
бұзылуымен сипатталады. Астения мен адинамия белгілері үдеп, көңіл күйі өзгергіш 
болады, апатия тез арада эйфорияға ауысады. Науқастар көп жағдайда ашуланғыш болып, 
көңілін бір кірбің шалады, мазасызданады, басы төсекте жатқанда да айланады. Аузынан 


232 
«бауыр иісі» байқалады. Науқас қайта-қайта есінеп, бірнеше рет құсады. I- прекоманың 
басты белгісі – күндізгі кезде көп ұйықтау. Бұл белгілер терінің сарғаю дәрежесінің 
артуымен, бауыр көлемінің кішіреюімен, геморрагиялық белгілермен, лабораториялық 
көрсеткіштердің нашарлауымен жүреді. 
В гепатитінің ауыр түрінде бауыр энцефалопатиясының дамығанын көрсететін ең 
алғашқы белгілер – протромбинді индекстің төмендеуі, психикалық жағдайының 
нашарлауы. 
ЖБЭ-II-ші дәрежесінде
қозу белгілері сопорозды жағдайға ауысады. Науқастың 
есі есеңгіреген, уақыт пен кеңістікті дұрыс айырмайды. Бірақ жұту және көз рефлекстері 
сақталған. Бұлшық еттердің құрысулары, әсіресе құстың қанатының қағысына ұқсас 
«шапалақтаушы» қол ұштарының дірілі байқалады. Брадикардия тахикардиямен ауысады. 
Кейде дене қызуы жоғарылайды. Кейбір науқастарда қан кету белгілері «кофе тәрізді 
құсық массалары», қара түсті нәжіс байқалады. Сопорозды жағдай біртіндеп комаға 
айналады. Электроэнцефаллограммада (ЭЭГ) альфа-ритмнің төмендеу көрінісінде тета-
толқындар анықталады. 
ЖБЭ-ң III-ші дәрежесінде
науқас сұрақтарға жауап бермейді, ауру сезіміне 
адекватты жауап қайтармайды. 
Патологиялық рефлекстер анықталады (Бабинский, аяқ ұшының клонусы және 
т.б.), оральды автоматизим белгілері (хобаттың, Маринеску-Радовичи және т.б.) көрінеді. 
Дефекациямен зәр шығару өздігінен жүреді.
Кома дами келе (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет