229
Б – ациклді түрлері
1) жедел асқынатын фульминантты В гепатиті;
2) созылмалы В гепатиті.
Процестің белсенділік дәрежесі:
- минималды белсенділікпен өтетін (созылмалы вирустасымалдаушылық және
созылмалы персистирлеуші В гепатиті);
- белсенділігі төмен;
- белсенділігі орташа;
- вирусты жұқпаның белсенділігі жоғары: репликациялық, интеграциялық.
Басты синдромдар:
- Цитолитикалық;
- Холестатикалық.
II. Симптомдарының көріну дәрежесіне қарай:
субклиникалық, айқын емес, сарғыштанусыз, сарғыштанумен жүретін.
III. Ауырлық дәрежесіне қарай:
жеңіл, ауырлығы орташа, ауыр түрлерге бөлінеді.
IV. Асқынуларына қарай:
●Арнайы асқынулар:
- жедел бауыр жетіспеушілігі;
- геморрагиялық синдром;
- порталды гипертензия;
- ісіну-асциттік синдром;
- В гепатитінің өршуі мен қайталанулары;
●Арнайы емес асқынулар:
- суперинфекция (вирусты және бактериалды);
-
эндогенді
инфекцияның
белсенділігінің
артуы
(вирусты–бактериалды-
саңырауқұлақтық ассоциация);
- қосымша ауруларының қозуы.
V. Аурудың аяқталуына байланысты:
● айығу:
- толық айығу;
- қалдықты белгілерімен.
●өлім (жедел бауыр жетіспеушілігінің, бауыр циррозының, гепатоцеллюлярлы
карциноманың нәтижесінен болған).
Достарыңызбен бөлісу: