226
Осындай пациент өте контагиозды болып саналады. Жедел В гепатит кезінде HВеAg
серологиялық зерттеулер арқылы бірнеше күн ішінде, кейде бірнеше аптада анықталады.
HВеAg қан сарысуынан HВsAg-ге қарағанда тез элиминацияланады.
Қанда HВеAg-ді бір рет анықтағаннан гепатиттің жедел немесе созылмалы түрін
нәтижелеуге болмайды.
HВсAg.
HВсAg – В гепатиті вирустың ядролық антигені, перифириялық қанда
анықталмайды, өйткені сыртынан белок қабығымен қапталған. Оны гепатоциттер
ядроларында анықтауға болады.
Анти-HВs.
Анти-HВs реконвалесценция кезінде қан сарысуында анықталады,
реинфекцияға қарсы иммунитеттің пайда болғанының дәлелі.
В гепатитінен сауыққаннан кейін науқастарда анти-HВs және анти- HВс анықталады.
Мұндай пациенттерден иммундық жолмен егілгендердің айырмашылығы, олар анти- HВs
– оң және анти- HВс - теріс болады.
Анти-HВс.
В гепатитімен ауырған барлық науқастарда ядролық антигенге қарсы
антиденелер анықталады және өмір бойы сақталады. Бұл антиденелер жаңадан
жұқтырылған жұқпаның немесе жаңа басталған қабынудың өте сезімтал маркері.
Анти-HВс IgM В гепатитінің жедел фазасында анықталады және жұқпадан кейін 6 ай
немесе одан да ұзақ сақталады. Бұл маркер В гепатиті вирустың созылмалы
тасымалдаушыларында аз мөлшерде табылады.
Осылайша, HВsAg
элиминациясынан кейін ауру кезінде «терезе» пайда болып,
анти
Достарыңызбен бөлісу: