Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет259/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Патогенезі
. Д гепатиттің ең басты патогенезіндегі ерекшелігі микст гепатиттің 
дамуы болып келеді. Сондықтан гепатоциттер бір вирустың емес, екі – HDV және HВV – 
вирустарының әсерінен зақымдалады. Бұл жерде зақымдаушы әсері HDV–да басымырақ 
болады. Бірден HDV/HВV – коинфекциясы кезінде HDV-ң белсенді репликациясы 
жүреді де, ол HВV-ң репродукциясын тежейді. Осының әсерінен HВV-ДНҚ-ң мөлшері 
қанда азаяды немесе тіпті жойылады, HBеAg циркуляция тоқтайды да HBsAg мөлшері 
азаяды немесе 2-10% ауруларда тіпті жоғалады. Көбінесе HВV-ң репликациясының 
тежелуі уақытша, бірақ кейде тұрақты түрде де тежелуі мүмкін. Екінші жағдайда HВV 
мен бірге HDV –инфекциясы да жойылады. 


238 
HDV/HВV – суперинфекциясы кезінде, аурудың ауыр түрде фульминантты 
ағыммен немесе бауыр циррозымен өтуі де Д гепатитінің вирусына байланысты. 
Д гепатиті кезінде, В гепатитінен ерекшелігі, вирустың тікелей цитопатиялық әсері 
болады. Мұны А гепатитіне ұқсас болып келетін қысқа инкубациялық кезеңінен және 
цитолитикалық белгілердің ерте айқындалуынан көруге болады. Алайда иммундық 
жауаптың алатын орны да өте зор, себебі HDV инфекциясы алуан түрде – латенттіден 
бастап манифестті өте ауыр түрлеріне дейін өтеді. 
Д гепатитінің В гепатитімен салыстырғанда айтарлықтай патоморфологиялық 
ерекшелігі болмайды. 
Клиникасы.
Жоғарыда айтып кеткендей, HDV-инфекциясының ағымы алуан түрлі 
болып келеді – субклиникалық және манифестті, жеңіл және өте ауыр, жедел және 
созылмалы оның өзі әртүрлі факторларға байланысты болып келеді, мысалы: HDV/HВV –
коинфекциясының немесе суперинфекциясының дамуына, әр вирустың репликациялық 
белсенділігіне, инфекцияның дозасына, процесстің ұзақтығына, иммундық жауаптың 
толықтылығына және т.б. 
Жедел микст HDV/HВV гепатиті.
Көбінесе коинфекция түрінде дамиды. 
Клиникалық көріністері жағынан жедел В гепатитіне ұқсас өтеді де, дұрыс диагноз қоюды 
қиындатады. Инкубациялық кезеңі – 20-40 күн. Продромалды кезеңнің ерекшелігі, ауру 
жедел басталып, жоғары қызбамен өтеді, бұл белгілері В гепатитіне емес, А гепатитіне 
ұқсас болады. Сонымен қатар, В гепатитіндегідей ірі буындардың ауруы байқалады. 
Сарғаю пайда болғанда, науқастардың жағдайы жақсармайды, керісінше улану белгілері 
айқындалады. Көп жағдайда сарғаю кезеңінде субфебрильді температура сақталады. 
Микст-гепатитінің ерекшелігі, аурудың басталғанына 2-3 апта болғанда клиникалық 
белгілердің қайта өршуі немесе АЛТ-ң жоғарылауы болады. Лабораториялық тексерулер 
кезінде тимол сынағының жоғарылағанын байқаймыз, ол В гепатитіне онша тән емес. 
Аурудың ағымы орташа ауырлықта, циклды өтіп, айығумен аяқталады. Ауру өздігінен 
жазылып кетуі де мүмкін. Аурудың созылмалы түрге ауысуының жиілігі В 
гепатитіндегімен сәйкес келеді.
HDV/HВV – суперинфекция түрінде жүрсе, жедел гепатиттің манифестті түрлері 
коинфекциямен салыстырғанда сирек кездеседі. Бірақ кездессе ауыр немесе 
фульминантты түрде өтеді. Д гепатитінің тағы да ерекшеліктерінің бірі, ол инкубациялық 
және сарғаю алды кезеңінің қысқа болуы, сонымен қатар продромында жоғары қызбаның 
болуы, құсу, оң жақ қабырға астындағы ауыру сезімінің орын алуы, бауырының ғана емес 
көк- бауырының да ұлғаюы. Бұл науқастарда сарғаю айқын түрде өтіп, улану белгілері 
өршиді. Ауру қайта-қайта өршіп, улану белгілері мен клиникалық көріністері алғашқыдан 
да 
күштірек 
байқалуы 
мүмкін. 
Кей 
жағдайларда 
өршу 
кезінде 
тек 
аминотрансферазалардың активтілігі жоғарылауы мүмкін, ал клиникалық көріністері 
өзгермейді. Диагноз тек қан сарысуында В және Д гепатиттерінің маркерлерін (HBsAg 
мен анти HDV IgM немесе HDV РНҚ) анықтау арқылы қойылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   255   256   257   258   259   260   261   262   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет