Клиникасы. Инкубациялық кезеңі 20 күннен 150 күнге дейін, орташа 40-50 күн.
Жедел С гепатиті көп жағдайда анықталмайды, себебі организмдегі патологиялық процесс
жасырын (латентті) түрде өтеді (субклиникалық, инаппарантты). Диагнозды АЛТ
мөлшерінің жоғарылауына, HCV РНҚ-н анықтау арқылы, кейде анти-HCV IgM, IgG
анықталуына қарап қояды. Бұл кезде құрамдық емес NS4 белокқа қарсы антиденелер
түзіліп үлгермейді, олар тек процесс созылмалы түрге ауысқанда ғана түзіліп үлгереді.
Астеновегетативті және диспепсиялық синдромдар сарғыштанумен өтетін (өте
сирек кездеседі) С гепатитінің бастапқы кезеңінде және сарғыштанусыз өтетін түрінде
кездеседі. Клиникалық белгілері өте мардымсыз. Науқастар әлсіздіктің, енжарлықтың, тез
шаршағыштықтың, тәбетсіздіктің орын алғанына шағымданады. Сонымен қатар, олардың
тәбеті төмендеп, оң жақ қабырға астында ауырсыну сезімі пайда болады. Кейбір
науқастардың дене қызуы көтеріледі.
Сарғыштану кезеңінде жалпы улану белгілері айқын емес. Сарғаюдың
айқындылығы төмен болады да, көздің, таңдайдың аздап сарғаюымен, терінің білінер-
білінбес сарғыштануымен, холурия және ахолия белгілерінің бір-екі рет байқалуымен
сипатталады. Кейде бауыры аздап үлкейеді, пальпациялағанда жұмсақ болады.
Көкбауыры үлкеймейді.
Манифестті С гепатитінің клиникалық ағымы көбінесе (75-85%) жеңіл, ал сирек
жағдайда орташа түрде өтеді. Жедел бауыр жетіспеушілігі (энцефалопатия) өте сирек
дамиды.
Диагностикасы және салыстырмалы диагностикасы. С гепатитінің эпиданамнезі В гепатитіндегідей, бірақ парентералды жолы
басымырақ. Жедел гепатит симптомсыз өтеді де тез созылмалы түрге ауысады. Диагнозды
дәлелдеу үшін қанда (ПТР- әдісімен) HCV РНҚ-н анықтау қаннан кей жағдайда анти
HCV-IgM және IgG анықтау арқылы да дәлелдейді. Созылмалы С гепатитінің диагнозын
жоққа шығару үшін, гепатобиоптаттардағы өзгерістердің минималдығын, фиброздың жоқ
екенін және де қанда анти NS4-анықталмайтындығын дәлелдеу қажет.
237
Емі. Емдеу принциптері В және А гепатиттеріндегідей. Созылмалы түрге өте жиі
ауысатындықтан, вируске қарсы емді жедел С гепатитінің кез келген түрінде жүргізу
керек. Осы кезде созылмалы түрге ауысу жиілігі 3 есе азаяды.