Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ


Диагностикасы мен салыстырмалы диагностикасы



Pdf көрінісі
бет260/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Диагностикасы мен салыстырмалы диагностикасы.
Жедел вирусты Д гепатиті 
деген диагнозды қою үшін қаннан HBsAg мен бірге анти HDV IgM немесе HDV-ң РНҚ-н 
анықтау қажет. Егер анти-HBcIgM мен HBeAg анықталмаса (және керісінше, анти-
HBcIgG мен анти HBe анықталса) HDV/HВV-суперинфекциясы деген диагноз қойылады. 
Ал егер, керісінше анти- HBcIgM мен HBeAg анықталса HDV/HВV – коинфекциясы деген 
диагноз қойылады. Қан сарысуында HDАg өте сирек жағдайда кездеседі, ал анти HDV IgG 
кешірек түзіледі. 
Салыстырмалы диагностикасы А және В гептиттерімен салыстыратын аурулармен 
жүргізіледі. 
Емі.
Д гепатитінің емі А және В гепатиттерінің еміндей болады. 
Болжамы.
Ауруханадан шығару мен диспансерлік бақылауға алу ережелері В 
гепатитіндегідей. Жедел коинфекциясының болжамы В гепатитімен сәйкес келеді. Жедел 
суперинфекцияның ағымы көп жағдайда созылмалы түрге ауысады (себебі бұл 


239 
науқастарда созлымалы В гепатиті өтуде), ол 20% жағдайда өлім- жітіммен аяқталуы 
мүмкін. 
Алдын алу шаралары. 
В гепатитіндегідей. В гепатитіне қарсы вакцинация дельта 
гепатитінің таралуына да әсер етеді.
Е вирусты гепатиті 
Е вирусты гепатиті кұрамында РНҚ бар вируспен тудырылады (HEV). Бұл 
гепатиттiң таралу механизмі– фекалды-оралды. 
Е гепатиті, ДДҰ мәлiметтерi бойынша тропикалық және субтропикалық 
аумақтарындағы (Индия, Непал, Бирма, Орта Азия, Латын Америкасы,т.б.) ересек 
турғындарының арасында ең жиi кездесетiн жедел вирусты гепатиті болып табылады. 
Бiрақ Е гепатитімен аурушылдық Европа мен Ресейде де кездеседi.
Этиология. 
1990 жылы молекулярлы гибридизация әдiciмен вирусспецификалық 
клон бөлiнiп алынған. Бұл клон Азияның әртүрлi аймақтарындағы эпидемиялық өршулер 
кезiнде науқастардың нәжiсiнен бөлiнген клонға ұқсас болды. Иммундық-электронды-
микроскопиялық зерттеулер барысында Е гепатит вирусының құрылымы анықталды. 
Сынамаларда диаметрi 27-33нм (көбiнесе 32-34нм) сфера тәрiздi вирусқа ұқсас бөлшектер 
табылады. Вирус – бiр жiпшелi, құрамында РНҚ бар: қабықшасы жоқ, НЕАg-ге ие. Е 
гепатит вирусының таксономдық жiктелуi әлi толығымен анықталған емес. HEV –ң HAV-
дан, жалпы пикорнавирустар тұқымдастығынан анағұрлым айырмашылықтары бар, бiрақ 
Caliciviridae тобына құрылымы жақын. Сонымен қатар, Togaviridae тобына ұқсас екеуi де 
анықталған. HAV-мен салыстырғанда, HEV қоршаған ортаның әртүрлi факторларына 
төзiмдiлiгі төмен; лабораторлық жағдайларда тез жойылады. Вирустың 3 генотипiн 
ажыратады: мексикалық және 2 азиялық (Бирма, Пакистан). Олардың барлығы бiр 
серотипке жатады, сондықтан серологиялық реакциялар қиылысуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   256   257   258   259   260   261   262   263   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет