241
жақсарту), Е гепатиті кезiнде де эффективтi болып табылады. Қазiргi кезде вакцина
өнделген емес.
Микст-гепатиттер
Гемоконтакты микст-гепатиттер есірткі заттарды көктамырға салатындарда жиі
кездеседі. Осыған орай, микст-инфекция жастар арасында жиі кездеседі. Жиі В гепатиттің
және С гепатиттің үйлесіп кездесуі байқалады. Клиникалық-лабораторлық және
эпидемиологиялық мәліметтер В гепатиттің алдында болған С гепатитімен қосарлануы
(жедел В гепатиті созылмалы С гепатитімен қосарланады) немесе үйлесе залалдануына
дәлел. Соңғы жағдайда клиникалық көріністер моноинфекция – В гепатитіне сәйкес.
Жедел микст-инфекция В және С гепатиттерімен жедел С гепатиттің созылмалы түрге
айналу жиілігі бірдей. В және С микст гепатиттерінің жартысынан көп жағдайында
клиникалық практикада созылмалы аралас этиологиялық гепатиттердің өршу сатысына
тура келетінін атап өту қажет, олардың ерекшелігі С гепатиттің активтігі басым және ол
инфекцияның ағым сипатын анықтайды. Науқастардың аз пайызында HDV-инфекция
маркерлері анықталуы мүмкін. Бұндай «үштік» микст-гепатит жедел фазасында
потенциалды ауыр ағымын білдіреді, осы жағдай жиі созылмалы түріне айналады.
Вирусқа қарсы емінің тағайындалуы, арасындағы бір қоздырғыштың репликативті
белсенділігіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: