С вирусты гепатиті
С гепатиті этиологиялық белгілері жағынан В гепатитке ұқсас болып келеді. Бірақ
сарғыштанумен жүретін түрлері жеңілірек өтіп, клиникалық белгілері тез жоғалады.
С гепатиті көп жағдайда сарғыштану белгілерісіз, субклиникалық және
инаппарантты түрде өтеді. Алайда бұл аурудың 80-90% созылмалы түрге ауысса, 20-30%
бауыр циррозын тудырады.
Этиологиясы.
С гепатитінің вирусы (HCV) флавивирустар (Flaviviridae)
тұқымдастығына жататын РНҚ-лы вирус болып табылады. Оның диаметрі 50 нм-дей
болады және майда еритін қабықшасы бар. HCV геномы құрамдық (С, Е
1
; Е
2
/NS1) және
құрамдық емес белоктардың (NS
2
; NS
3
; NS
4
; NS
5
) кодын сақтайды. Құрамдық белоктарға:
ядролық (С-ядроның, core protein) және екі қабықшалық (Е
1
, Е
2
– envelope protein)
гликопротеин жатады, ал құрамдық емес белоктар вирус репликациясына қатысатын төрт
түрлі ферменттен тұрады. Олар
NS
3
- протеаза / геликаза, NS
5
–РНҚ-полимераза.
Жоғарыда айтылған белоктардың барлығына қарсы антиденелер түзіледі де, қан
айналымына түседі. Олардың мөлшерінің ауыспалығы әртүрлі серотиптердің болуына
байланысты. Сондықтан, бұл антиденелердің вирус нейтралдаушы қасиеті, әсіресе
созылмалы С гепатитімен ауыратындарда болмайды.
С гепатиті қоздырғышының ең басты ерекшелігі, оның генетикалық әртектілігінде.
Вирустың алты генотипі (1-6) бар, ал олардың өздері субтипке бөлінеді. Қазіргі кезде
вирусты С гепатитінің 50-ден астам субтиптері бар. Оларды әріптермен белгілейді. HCV-ң
мынандай генотиптерін ажыратады: 1а; 1в; 2 а; 2в және 3а.
Вирус 50°С-ға дейінгі температураға төзімді болады, бірақ (хлороформ) сияқты
липидтерді ерітетін еріткіштердің және ультракүлгін сәулелерінің әсеріне өте сезімтал
болып келеді. Қоршаған ортада тұрақсыз қасиет көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |