Алдын алу шаралары. Ботулизмнің дамуының ең негізгі себебі үйде дайындаған
консервілерді пайдалану болып табылады. Консервілерді үйдің жағдайында дайындаған
кезде ұқыпты болу керек. Тамақтарды ботулизм қоздырғышының спораларынан сақтау
керек. Консервіленген тағамды стерилизациялауда және сактауда қатаң бақылау жасау
керек. Консервілерді стерилизациялау автоклавта 120°С температурада жүргізіледі.
Көтеріңкі келген консервілік банкілерді «бомбаж» пайдалануға болмайды. Тұрғын
халықтарға үй жағдайында етті, балықты, саңырауқұлақты, жеміс-жидекті консервілеудің
қауіптігін түсіндіру керек. Үйде дайындалған консервілерді қабылдаудың алдында 10-15
минут қайнату керек, сонда ботулотоксин тіршілігін жояды.
АМЕБИАЗ Анықтамасы. Амебиаз – Entamaebae hystolitica-мен шақырылатын, тоқ ішектің
жаралы зақымдануымен және әрбір ағзаларда абсцесстердің түзілу мүмкіндігімен, ұзақ
және созылмалы ағымға бейімділігімен сипатталатын протозойлы ауру.
Тақырыптың өзектілігі. Амебиаз бүкіл дүние жүзінде тіркелген. Жер шары
тұрғындарының 1% зақымдаған, бірақ жұқтырғандардың жалпы санының 10% айқын
клиникамен тіркелген. Ең жоғары ауру көрсеткіші тропикалық және субтропикалық
климаты бар мемлекеттерге болады. Азия және Африка мемлекеттерінде тұрғындардың
зақымдалу көрсеткіші – 30%. Ресей және басқа жақын жатқан елдерге, әсіресе кавказдық
және Орта Азиялық аймақтарда амебиазбен ауру қауіпі жоғары.
Тарихи мәліметтер. Амебиазды нозологиялық форма түрінде 1891ж. Counsilman
және Lettler бөліп алып «амебалық дизентерия» деп атады. 1906 ж. Masgrave және Class E
historica тудыратын қазіргі кезде қолданылатын «амебиаз» терминін енгізді. 1875ж.
Ф.А.Лещ қоздырғышты сипаттап жазды. 1893ж. Quineke және Ross амеба цисталарына
сипаттама берді. Ішек тіндері мен бауыр абсцестерінен амебаны бірінші рет Кох тапты.
(1883ж.) 1903ж. Shaudine ішекте болатын амебалардың морфологиясы мен биохимиясын
зерттеп, патогенді амебаны Entamoeba hystolytica, патогенді амеба емес амебаны
Entamoeba соІі деп атады.