Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет53/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 Этиологиясы.
E.hystolitica 
Entamaebae 
тұқымдастығына, 
Sarcodinae 
(жалғанаяқтылар) класына, Protozoa типіне жатады. 
Амебаның тіршілік циклы 2 кезеңнен: вегетативті (трофозоит) және тыныштық 
(циста) тұрады. Олар иесінің организмінде орналасу жағдайына байланысты бір-біріне 
ауыса алады. 
Амебаның даму кезеңдері: 
1.
Тіндік түрі (эритрофаг); 
2.
Қуыстық (коменсальді) түрі; 
3.
Циста (сыртқы ортаға төзімді, ылғал нәжісте сақталады, құбыр суында 1 айға дейін 
сақталуы мүмкін). 
Тіндік түрінің сипаттамасы: 
1.
Пішіні үлкен (20-25 мкм), цитоплазмасы анық эктоплазма мен эндоплазмаға 
бөлінген; 
2.
Инвазивтілігі бар; 
3.
Жақсы қимылдайды; 
4.
Жедел амебиазда және сирек нәжісте анықталады. 


56 
Вегетативті түрі (үлкен): 
1.
ұзындығы 30-80 мкм; 
2.
қимылдайды; 
3.
эритрофаг (10-20 жұтылған эритроциттер); 
4.
тек қана ішектік амебиазда жаңа нәжісте анықталады (себебі 30 минуттан кейін 
өледі). 
Қуыстық түрі: 
1.
ұзындығы 10-20 мкм; 
2.
аз қимылдайды; 
3.
тоқ ішек қуысында мекендейді және созылмалы ағымдағы реконвалесценттер мен 
амеба тасымалдаушылардың нәжістерінде анықталады. 
Цистаалды түрі: 
1.
ұзындығы 12-20 мкм; 
2.
аз қимылдайды; 
3.
реконвалесценттер мен тасымалдаушылардың нәжістерінде анықталады. 
Тыныштық кезеңі: 
әртүрлі дәрежеде дамыған цисталар түрінде 
1.
өлшемі 9-14 мкм; 
2.
реконвалесценттерде созылмалы амебиазда және тасымалдаушыларда анықталады; 
3.
өте төзімді болады; 
4.
жоғары температура, кептіру, эмитин ерітіндісі өлтіретін әсер етеді. Басқа 
дез.ерітінділерге төзімді. 
Эпидемиологиясы.
Антропоноз. Ауру көзі ауру адам, одан да қауіпті амеба 
тасымалдаушылар, созылмалы түрдегі аурулар, реконвалесценттер. 
Берілу механизмі – фекальді –оральді.
Берілу жолы – тағамдық, сулы, тұрмыстық-қатынастық.
Берілу факторлары – тағамдық азықтар -әсіресе көкөністер, жемістер, сирек 
жайма, ыдыс, ойыншықтар. Амебиазға спорадикалық аурушылдық тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет