Тарихи мәліметтер.
Тұмау эпидемиялары туралы деректер ертеден белгілі.
Еуропалық елдерде ол «инфлюэнца» деп аталатын, қазіргі кездегі жалпы атауы - «грипп».
XIX ғасырдың соңынан бастап адамзат тұмаудың ауыр төрт пандемиясын басынан
өткерді: 1889-1890, 1918-1920, 1957-1959, 1968-1969 жылдары. 1918-1920 жылдардағы
«испандық» пандемия 20 млн. адамның өмірін қиса, 1957-1959 жж. «азиялық тұмау»
кезінде 1 млн.-ға жуық адам өлімге ұшырады.
Тұмаудың ауру қоздырғышы вирус екендігі 1933 жылы У.Смитпен, К.Эндрюспен,
П, Лейдлоумен анықталған, кейін ол тұмаудың А типінің вирусы деп аталды. 1940 жылы
Т.Френсис пен Т.Меджилл грипптің В типін шақыратын вирусты, ал 1947 жылы Р.Тейлор
С типті вирусты анықтады. тұмаудың А түрі В, С түрлеріне қарағанда өте кең таралған.
Этиологиясы
. Тұмау қоздырғышы – құрамына РНҚ кіретін Orthomyxoviridae
тұқымдастығына жататын пневмотропты вирус.
Сыртқы қабықшасында гемагглютинин
және нейраминидаза деп аталатын гликопротеидтері бар. Ішкі нуклеопротеидтің
антигендік сипаты (S-антиген) бойынша тұмау вирустары А, В және С типтеріне бөлінеді.
Тұмау вирустары сыртқы ортада тұрақты емес. Төменгі температурада жақсы
сақталады, ал қыздырып, қайнатқанда тез жойылады. Бұл вирустардың ультракүлгін
сәулелеріне және әдеттегі залалсыздандыратын заттарға сезімталдығы өте жоғары.
Эпидемиологиясы.
Аурудың инфекция көзі – тұмаумен ауырған науқас адам.
Науқастың жұқпалылығы ауруының алғашқы күндерінде аса жоғары, катаральды
белгілердің айқындылығына байланысты жөтелгенде, түшкіргенде, қатты сөйлегенде
сыртқы ортаға көптеп таралады. Инфекцияның берілу механизмі – аэрогенді, таралу жолы
– ауа-тамшылы. Эпидемиялардың қайталану уақыты мен сырқаттанушылық деңгейі
тұрғындардың жүре пайда болған типтік арнайы иммунитетінің ұзақтығына және
вирустың антигендік қасиеттерінің өзгергіштігіне байланысты. Иммунитет А тұмауынан
кейін 1-3 жыл, ал В тұмауынан кейін 3-6 жыл сақталады.
Патогенезі.
Тұмау вирусы тыныс жолдарының эпителиіне тропты. Патогенезінде 5
негізгі кезеңді ажыратады:
1.
Вирустың тыныс жолдарының жасушаларындағы репродукциясы.
2.
Вирусемия, токсикалық және токсикалық-аллергиялық реакциялар.
Әртүрлі мүшелер мен жүйелерге токсикалық әсері (әсіресе, жүрек-қан тамырлар мен
жүйкеге) вирустың өзіне және жасушаның ыдырау өнімдеріне байланысты.
3.
Тыныс жолдарының зақымдалуы (үрдістің белгілі бір бөлімінде шоғырлануы)
4.
Тыныс алу жолдарының, басқа мүшелер мен жүйелердің бактериалды
асқынулары.
5.
Патологиялық үрдістің кері дамуы.
Вирусемия мен токсикалық әсер нәтижесінде қызба және жалпы улану белгілері
дамиды.
Қан тамырлар қабырғасының тонусының, өткізгіштігінің бұзылуы циркуляторлық
бұзылыстарға әкеліп соғады.
Респираторлы
жолдар
эпителиінің
тосқауылдық
қызметінің
бұзылуы,
лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігінің төмендеуі бактериалды асқынуларға,
созылмалы аурулардың өршуіне әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |