64
айқын дамыған интоксикация белгілермен сипатталады. Адинамия, бастың айналуы, естен
тану, ұйқының бұзылуы, анорексия, құсу, құрысулар, менингеалды белгілер, энцефалиттік
синдром, жүрек-қан тамырлар зақымдалуы байқалады. Ауыр түрінің ұзақтығы пайда
болған асқынуларға байланысты. Тұмаудың
гипертоксикалық түрінің
клиникасында өте
ауыр нейротоксикоз, жүрек-қан тамырлар жетіспеушілігі, тыныс алу жетіспеушілігі басым
болады. Бұл түрдің ерекшеліктері: ағым ауырлығы және жылдамдығы, өлім қаупінің
жоғарылығы.
Тұмаудың
атиптік жасырын түрі
сирек кездеседі. Бұл түрге негізгі белгілердің
біреуінің болмауы тән.
Асқынулары:
пневмония, ЛОР-мүшелерінің зақымдалуы (ринит, фарингит,
ларингит, трахеобронхит, баспа, синуситтер, отит т.б.), жүйке жүйесінің зақымдалуы
(менингоэнцефалит, арахноидит, полиневрит т.б.), созылмалы аурулардың өршуі.
Диагностикасы:
Мұрынның, жұтқыншақтың бөлінулері, қан-вирусологиялық
зерттеулерге алынады.
Тез диагностикалау үшін флюоресценциялаушы антиденелер әдісі қолданылады.
Сонымен қатар, серологиялық әдістердің маңызы жоғары: гемагглютинацияны
тоқтату реакциясы, комплемент байланыстыру реакциясы, нейтрализация реакциясы.
Егер антиденелер титрі динамикада жоғарыласа – нәтиже «оң» деп саналады.
Соңғы жылдары иммундық ферменттік анализ және молекулярлы гибридизация
әдістері қолданылады.
Емдеуі.
Гриппен ауырған науқастардың көбісі үйде емделеді. Ауруханаға аурудың
ауыр түрімен және асқынулары пайда болған науқастар жатқызылады.Емдеу шаралары:
1) төсектік тәртіп;
2) көп мөлшерде сұйықтық ішу;
3) этиотропты ем:
а) гриппке қарсы иммуноглобулин; б) лейкоцитарлы интерферон;
в) ремантадин, амантадин, римантадин, альгирем, занамивир, осельтамивир, рибавирин; г)
оксолин майы;
4) патогенездік ем: а) гипосенсибилизация (димедрол, супрастин т.б.); б)
дәрумендер (В, С тобы); в) дезинтоксикациялық ем (5% глюкоза, Рингер ерітіндісі ж.т.б.);
Достарыңызбен бөлісу: