Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет65/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

ПАРАГРИПП 
Син.: 
парагриппозды инфекция
 
Анықтамасы

Парагрипп
 – 
айқын емес интоксикация белгілерімен және жоғарғы 
тыныс жолдарының, әсіресе көмейдің шырышты қабатының зақымдалуымен 
сипатталатын жедел вирусты ауру. 
Этиологиясы

Қоздырғышы Paramyxoviridae тұқымдастығына жататын, 
құрамында РНҚ бар вирус.
К
линикалық көріністері
.
 
Инкубациялық кезең 2-7 күн, көбінесе 3-4 күн. Ауру 
біртіндеп басталады. Науқас әлсіздікке, бастың ауыруына, тоңғыштыққа шағымданады. 
Дене қызуы субфебрилді немесе қалыпты. Ларингит белгілері басым болады (дөрекі 
жөтел, дауыстың қарлығуы немесе қырылдауы). Одан басқа мұрынның бітелуі, кейін 
ринорея байқалады. Қарап тексергенде: мұрынның шырышты қабаты қызарған және 
ісінген. Жұмсақ таңдай мен жұтқыншақта ұсақ түйіршіктер бар, қызарған және аздап 
ісінген. Пульс жиілейді. Жүрек тондары бәсеңдеген.
Қанда: нормоцитоз немесе орташа лейкопения, ЭТЖ қалыпты. 
Ауру ұзақтығы 1-3 аптаға созылады.
 
АДЕНОВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ 
Анықтамасы.
 
Аденовирусты инфекция
– 
лимфоидты тіннің және тыныс 
жолдарының, көздердің, ішектің шырышты қабаттарының зақымдалуымен және айқын 
емес интоксикация белгілерімен сипатталатын жедел респираторлы аурулар тобы.
Этиологиясы.
 
Қоздырғышы
 
Adenoviridae тұқымдастығына, Mammaliade тегіне 
жататын, құрамында ДНҚ бар вирустар. 
Клиникалық көріністері
.
 
Инкубациялық кезең 1-13 күн (көбінесе 5-8 күн). 
Клиникалық көрінісі полиморфты. Бұл аурудың келесі клиникалық түрлерін 
ажыратады:
1)
жедел 
респираторлы 
ауру 
(ринофарингит, 
ринофаринготонзиллит, 
ринофарингобронхит); 
2)
фарингоконъюктивалды қызба; 
3)
кератоконъюктивит және конъюнктивит; 
4) аденовирустық атипиялық пневмония. 
Ауру жедел басталады: қалтырау немесе тоңғыштық, бастың ауыруы, дененің 
«сынуы» пайда болады. Аурудың 2-3-ші күні дене қызуы 38-39°С-қа дейін көтеріледі. 
Интоксикация белгілері орташа деңгейде дамыған. 
Кейбір науқастарда эпигастрий аумағындағы ауыру сезімі және диарея 
байқалады.
Аурудың бірінші күнінде мұрынның бітелуі, шырышты бөлінулер, жөтел, 
дауыстың қарлығуы мазалайды. 


66 
Қарап тексергенде: науқастың беті қызарған, склералар мен конъюнктивалар 
тамырлары инъекцияланған. Аурудың 1-3-ші күні конъюнктивит белгілері пайда болады.
Мұрынның шырышты қабаты ісінген және қызарған. Аңқа гиперемияланған, 
шырышты қабат түйіршіктелген. Сонымен қатар, тонзиллит белгілері пайда болады.
Жүрек тондары бәсеңдеген. Өкпеден қатайған тыныс және құрғақ сырылдар 
естіледі. 
Асқорыту жолдарының зақымдалуы ішек дисфункциясымен, іштің ауыруымен, 
бауыр мен көк бауырдың үлкеюімен көрінеді. 
Гемограммада айтарлықтай өзгерістер байқалмайды, кейде біріңғай лейкопения, 
эозинопения болады, ЭТЖ қалыпты немесе аздап жоғарылаған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет