Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет67/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

линикалық көрінісі.
Инкубациялық кезең 1-6 күн, орташа 2-3 күн.
Ауру күрт басталады: әлсіздік, мұрынның бітелуі, мұрын-жұтқыншақтың құрғауы 
пайда болады. Содан кейін мұрыннан көп мөлшерде серозды, одан соң шырышты 
бөлінулер, түшкіру, кейде құрғақ жөтел мазалайды. Дене қызуы субфебрилді немесе 
қалыпты. Қарап тексергенде
:
мұрын шырышты қабатының гиперемиясы және ісінуі
ринорея. Мұрын терісі мацерацияланған. Кейін herpes labialis et nasalis байқалады. 
Гемограммада: нормоцитоз немесе аздаған лейкоцитоз, ЭТЖ қалыпты. 
Ауру ұзақтығы 6-7 күнге созылады.
 
 


67 
РЕОВИРУСТЫ ИНФЕКЦИЯ 
Анықтамасы.
 
Реовирусты инфекция
 
– жоғарғы тыныс жолдарының және 
асқорыту жолдарының зақымдалуымен көрінетін жедел жұқпалы ауру.
Этиологиясы
.
Қоздырғышы Reoviridae тұқымдастығына жататын, құрамында 
РНҚ бар вирус.
К
линикалық көрінісі: 
Инкубациялық кезең -2-5 күн. Ауру біріңғай 
интоксикациямен өтеді. Науқас әлсіздікке, тоңғыштыққа, бастың ауыруына, жөтелге 
шағымданады. Кейбір науқастарда құсу, диарея, іштің ауыруы пайда болады. Дене қызуы 
субфебрилді, кейде 38-39°С-қа дейін жоғарылайды. 
Қарап тексергенде:
 
склералар мен конъюнктивалар тамырларының инъекциясы
аңқа гиперемиясы. Кейде полиморфты экзантема пайда болады. Өкпеден қатайған тыныс, 
құрғақ сырылдар естіледі. Іштің пальпациясы арқылы оң жақ мықын аймағындағы ауыру 
сезімі, ішектің құрылдауы анықталады. Кейде бауыр үлкеюі мүмкін.
Гемограммада: кейде біріңғай лейкопения және лейкоцитоз, ЭТЖ қалыпты. 
 
МЕНИНГОКОККТЫ ИНФЕКЦИЯ 
 
Анықтамасы
. Менингококты инфекция - менингококктар қоздырып, ауа-
тамшылы жолмен жұғатын, мұрын-жұтқыншақтың шырышты қабықтары мен жұмсақ ми 
қабықшасының 
зақымдануымен, 
ерекше 
септицемиямен 
(менингококкемиямен) 
сипатталатын, клиникалық көріністері кең диапазонды – бактериятасымалдаушылықтан 
назофарингитке, менингококкемияға, менингитке дейін көрінетін антропонозды жедел 
жұқпалы ауру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет