Клиникасы
.
Инкубациялық (жасырын) кезеңі 1-10 күнге (жиі 5-7 күнге) созылады.
Менингококкты инфекцияның клиникалық жіктелуіне байланысты келесі түрлерін
ажыратады:
1.
Біріншілік-ошақты түрлері:
а) менингококк тасымалдаушы;
б) жедел назофарингит;
в) пневмония;
2.
Гематогенді-жайылмалы түрлері:
а) менингококкемия - типті, «жәй оғындай», созылмалы;
б) менингит;
в) менингоэнцефалит;
г) аралас (менингококкемия+менингит);
д) сирек түрлері: эндокардит, артрит, иридоциклит.
Жас адамдардың арасында аса кең таралғандары – менингит пен аралас
(менингококкемия+менингит) түрлері, ал сирек кездесетін түрі - менингитсіз
менингококкемия, сондай-ақ менингоэнцефалит.
Жедел назофарингит
- іріңді менингиттің басталу кезеңі болуы мүмкін немесе
менингококкты инфекцияның дербес клиникалық білінуі болуы ықтимал. Ол дене
қызуының орташа көтерілуімен (38
С дейін) және 1-3 күндей сақталуымен, ағзаның әлсіз
улануымен (шаршағыштық, бас ауыруы, бас айналу) және назофарингитпен сипатталған
.
Менингит
жедел басталады. Науқастардың жартысында ғана (45%) 1-5 күндей
назофарингит түрінде басталып, менингитке ұласуы мүмкін. Ауру ағзаның улануымен,
көз алмаларының ауыруымен, әсіресе қозғалғанда, содан кейін маңдай-самай
тұстарындағы, сирек-желке тұсындағы бастың ауыруымен ерекшеленген. Бас ауруы
азапты түрде тез үдейді. Науқастың тәбеті жойылып, жүрек айнуы білінеді. Ал ауыр
түрлерінде ақыл-ес бұзылады (сомноленция, сопор, кома). Ауру басталғаннан кейінгі 12-
14 сағаттан соң ми қабықтарының қозуының объективті симптомдары пайда болады
(желке еттерінің сіреспелігі, Керниг, Брудзинский, Гийон, Бехтерев, Мейтус
симптомдары). Қанда-жоғары нейтрофильді лейкоцитоз, ЭТЖ жоғарылаған.
Менингококкты
менингоэнцефалит
ауыр
ағыммен
сипатталған.
Ми
симптоматикасы тез күшейеді. Бірінші тәуліктің соңы мен 2-ші тәуліктің басында терең
сопор түріндегі ақыл-естің бұзылуы дамиды. Онымен қатар менингеальды белгілер де
үдейді. Аурудың басталуынан 1 тәуліктен соң көпшілік науқастарда менингеалды қалып
байқалған (науқас бір бүйіріне қарай аяқтарын бүгіп, басын шалқайтып жатады).
Науқастарда тез арада психикалық бұзылыстар, толық немесе жарым-жартылай амнезия,
көру және есту галлюцинациялары, эйфория немесе депрессиялық жағдай дамиды.
Менингитсіз менингококкемия
сирек тіркелген. Аурудың жеңіл ағымында дене
қызуы –38-39
С жоғарылайды. 1-ші сағаттарында-ақ аяқ-қолдың терісіне, кеудеге
мардымсыз жұлдызша түріндегі қанталаған бөртпе шығады (диаметрі 2-3 мм). Аурудың
орташа түрінде дене қызуы - 40
С тез арада көтеріледі. Геморрагиялық көп бөртпелер
сирақ, жамбас, шап және қолтық асты терілеріне, ішке және кеудеге шығады.
Бөртпелердің көлемі 3-7 мм-ге дейін өсуі мүмкін. Ал ауыр түрінде бұл бөртпелердің
көлемі 5-15 см дейін үлкейеді. Көз шеліне, көздің дәнекер қабығына, мұрын
жұтқыншағының шырышты қабықтарына қан құйылулар байқалған. Сондай-ақ мұрыннан,
асқазаннан, жатырдан қанның кетуі мүмкін. Ересектердің ауыр және өте ауыр
менингококкемиясы менингитпен сәйкес келеді. Науқастарда эндокардит, миокардит,
70
перикардит типтері бойынша жүректің зақымдануы, ірі қан тамырларында қанның
ұйысуы, токсикалық-инфекциялық шок сияқты асқынулар байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |