Асқынулары
.
Жас адамдарда ең қауіпті және жиі кездесетін аурудың асқыну
түрлері - жедел ми ісігі және де токсикалық-инфекциялық шок. Жедел ісік пен ми ісігі
аурудың 1-ші тәулігінің соңы мен 2-ші тәуліктің басында жиі пайда болады. Демікпе тез
күшейеді (1 мин. 50-60 дейін тыныс алумен), науқастың демі сырылдап шығады. Өкпе
ісігі дамып, гемипарездер пайда болады.
Менингококкемияның ауыр ағымында токсикалық-инфекциялық шок білінеді.
Науқастарда жоғары қызбамен қатар, дене қызуы қалыпты деңгейге түседі. Сырқаттың
терісі бозарып, тамырдың соғуы жиілейді. Қан қысымы төмендеп, цианоз, демікпе
ұлғаяды. Дәреттің бөлінуі тоқтайды. Қарқынды емдеу шараларынсыз, шоктың алғашқы
белгілерінің пайда болу сәтінен бастап, 6-60 сағаттан кейін өлім қатері тууы мүмкін.
Диагностикасы
.
Аурудың диагностикасы клиникалық және эпидемиологиялық
мәліметтерге негізденген. Ең маңызды клиникалық белгілерге: аурудың жедел басталуы,
ағзаның улануы-жоғары дене қызуы, қалтырау, тәбеттің жойылуы, ұйқының бұзылуы, көз
алмаларының ауыруы, бұлшықеттердің ауырсынуы, қозу: үдеуші менингеалді синдром -
бас ауыруы, гиперестезия, жүрек айну, лоқсу, сіңір және периостальды рефлекстер. Желке
бұлшықеттерінің сіресуі, Кернинг және Брудзинский симптомдары оң мәнді. Орынды
түрде емдеу науқастың толық жазылуына алып келмек. Ауруханада ерекше
диагностикалық маңызды люмбальды пункция алынады. Ликвордың түсі “лайлы“, цитоз
нейтрофильді, қант пен хлоридтердің мөлшері төмендеген, белок мөлшері жоғарылаған,
Панди және Нонни-Аппельт тұнба реакциялары оң мәнді..
Менингококкемияны қызылшадан, қызамықтан, Шенлейн-Генох ауруынан
ажырату керек.
Менингококкты инфекцияның эпидемиялық өршу жағдайында этиологиялық
диагноз қиындық тудырмайды. Ал кездейсоқ жағдайларда дұрыс диагнозды қою едәуір
қиын. Диагностика үшін менингеалды синдроммен қатар менингококкемиялық бөртпенің
маңызы зор. Бактериологиялық тексеруге мұрын-жұтқыншақтан жағынды, қан мен
жұлын-ми сұйықтығын алады. Зерттеудің экспресс-әдістері де маңызды: пассивті
гемагглютинация реакциясы, коагглютинация, иммундыферментті анализ, латекс-
агглютинация әдістері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |