72
Герпес вирустары адам ағзасына шырышты қабаттары арқылы енеді, олар
эпителийде көбейіп залалданған жасушалардың некрозына әкеледі, бұл жерде некроз
ошақтары және везикулалар пайда болады. Организмге түскен қоздырғыш бірден қанға
өтеді, ішкі ағзаларға патогенді әсерін тигізеді.
Вирусемия кезінде организмде вирусқа қарсы антиденелер түзіледі. Антиденелер
титрі алғашқы 2 аптада пайда болып, ауруды жеңілдетіп, өмір бойы сақталады. Ал
вирустың өзі паравертебральды сенсорлы ганглийлерде лимфа түйіндерінде сақталады.
Иммунитеттің күшін төмендететін факторлар әсерінен аурудың рецидивтері пайда болады
(суық тигізу, артық инсоляция, стресс, жүктілік және т.б.)
Достарыңызбен бөлісу: