Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет74/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Клиникалық көріністері. 
Бұл аурулардың кең тараған түрі – қарапайым герпес.
Қарапайым герпестің 
элементтері жиі ауыз айналасында, еріннің шетінде, құлақ маңында байқалады. 
Алғашында бөртпелердің орнында қызу және шаншу сезімі, кейін қызару және ісіну 
пайда болады. Кейін тері немесе шырышты қабаттарда везикулалар пайда болады.
Тері және шырышты қабаттардағы бір-біріне жақын орналасқан ұсақ 0,1-0,3 см 
көпіршікті элементтер қызарып, ісінген фонда орналасады және ауыру сезімімен 
сипатталады. Қызару 1-2 аптаға дейін сақталады, жоғары қызба, жалпы әлсіздік 
байқалады. Аймақтық лимфа түйіндері үлкейеді. Көпіршік ішіндегі сұйықтық көбінесе 
серозды, ал екіншілік инфекция қосылғанда іріңді болады. 3-5 күннен кейін ісінулер, 
қызарулар азая бастайды. Көпіршік ішіндегі серозды-іріңді сұйықтық жарылып 
қабыршаққа айналады. 7-9 күннен кейін осы ошақты аймақтар ізсіз жоғалып кетеді. 
ВПГ-1 жиі герпестік гингивостоматит түрінде білінеді; 
ВПГ-2 – генитальды герпес, жаңа туған балалар герпесі және герпесті менингоэнцефалит 
түрлерінде білінеді; 
Желшешек – тері және шырышты қабаттарда папулезді-везикулезді бөртпелерімен 
сипатталады; 
Белдемелі герпес – жүйке талшықтарының бойымен тері зақымдалады. Белдемелі 
герпестің бөртпелері жиі бетте, мойында, омыртқа аралық жүйкелер бойымен шығады.
Белдемелі герпестің бірнеше түрлері бар: буллезді, қатар орналасқан көпіршіктер, 
геморрагиялық көпіршіктер – гангренозды өзгерістер немесе жазылғанда тыртықтар 
байқалады. 
Жұқпалы мононуклеоз – қызба, лимфаденит, гепато-, спленомегалия, тонзиллитпен 
сипатталады; 
Цитомегаловирусты инфекция – тасымалдаушылық тан және қатерлі ісік түрлеріне 
дейін білінеді.
Герпестік аурулардың клиникалық белгілері және рецидивтері көбінесе ағзаның 
реактивтілігі төмендеген жағдайда және де клеткалық сонымен қатар гуморальды 
иммунитет төмендеген жағдайда пайда болады. Сондықтан қарапайым герпестің пайда 
болуының өзін әртүрлі факторлармен байланыстырады. Мысалы, жарақат, салқын тигізу, 
грипп, пневмония, стресс, т.б. аурулардың әсерінен пайда болуы мүмкін.
Диагностикасы:
Анықтау әдістері: цитоскопиялық – жағындыларды Романовский-
Гимза бойынша бояу, ЦПД-ны табу (үлкен көпядролы клеткалар, вакуолизация, 
ядролардың қосылуы, Каудри денешіктері); вирусологиялық – тауық эмбриондарына 
жұқтыру, ИФ, ИФА, ПТР; экспресс-әдістері – иммунохимиялық (ИФ, ИФА, РИА), 
биохимиялық, молекулярлы-биологиялық; серодиагностика – біріншілік герпестік 
инфекцияда тиімді.Зерттеуге алынатын материалдар: бөртпелерден (везикула және 
жаралардың жағындысы),шайындылардан, жұлын сұйықтығынан (жүйке жұйесінің 
зақымдалуында), қаннан және зәрден (висцеральды және жайылмалы түрлерінде) 
алынады. 


73 
Емдеуі. 
Вирусқа қарсы препараттар: ацикловир (зовиракс, виролекс) 0,2 г. 5 рет, 5-
10 күн, валацикловир, ганцикловир, фамцикловир, алпиразин. Жергілікті вирустарға әсер 
ететін мазьдар: бонафтон, бромуридин, теброфен, флоренал, оксолин.
Иммунокорректорларды қолдану қажет: эндогенді интерферондардың индукторлары 
(циклоферон, 
бактериальды сұйық интерферонның индукторы), интерферондар, 
интерлейкиндер (ронколейкин, беталейкин). 
Витаминотерапия –В
1
, В
6
, В
12
, аскорбин қышқылы, рутин, антигистаминді 
препараттар беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет