Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет82/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

 
 
ЛЕГИОНЕЛЛЕЗ 
Син.:
легионерлер ауруы, питтсбургтік пневмония, Понтиак қызбасы, Ферт-Брагг 
қызбасы.
Анықтамасы. 
Легионеллез – қоздырғышы аэрогенді механизммен берілетін, 
клиникасында 
қызбамен, 
интоксикациямен, 
респираторлы 
синдроммен, 
ауыр 
пневмониямен, асқорыту жолдарының және бүйректің, орталық жүйке жүйесінің 
зақымдалуларымен көрінетін сапронозды жедел бактериальды жұқпалы ауру.
Тақырыптың өзектілігі
.
 
Легионеллез экономикасы дамыған елдерде көбірек 
кездеседі. Кейде аурухана ішілік инфекция түрінде өтуі мүмкін. Бұл ауру ЖИТС-
индикаторлы ауруларға жатпаса да, пневмонияның ауыр түрлерінде міндетті жағдайда 
науқасты АИВ-инфекциясына тексеру қажет. Легионеллез 5-15% жағдайда АИВ-
инфицирленген науқастардағы пневмонияның себебі болуы мүмкін.
Тарихи мәліметтері.
Бұл аурудың қоздырғышы XX ғасырдың 70-ші жылдарында 
анықталған. Легионелла деген атау 1976 жылы Филадельфияда өткен американдық 
легионерлердің конгресіне байланысты. Форумға қатысқан 4400 адамдардың арасындағы 
182 соғыс ардагерлері ауыр пнемониясы бар жедел респираторлы аурумен ауырып, соның 
ішінде 29-ы өлімге ұшырады. 1977 жылы Дж.Макдейд пен К.К.Шепард (АҚШ-тан) осы 
бұрқ ету кезінде өлген адамның өкпе тінінен бұрын белгісіз болған грам теріс таяқшаны 
анықтады. 1965 және 1968 жылдары АҚШ-тың Вашингтон және Понтиак (Мичиган) 
қалаларында, сондай-ақ 1973 жылы Испанияның Бекидром курортты қалашығында 
осындай қызбалы аурулардың бұрқ етуі тіркелді. 1978 жылы легионерлер ауруы бойынша 
арнайы шақырылған Халықаралық симпозиумде ауру қоздырғышына Leqionella 
pneumophilla деген атау берілді.

Этиологиясы.
 
Қоздырғышы 

Legionella 
pneumophilla 
Legionellaceae 
тұқымдастығына Legionella тегіне жататын грам-теріс бактерия, талшықтары бар 
қозғалмалы таяқша. Қазіргі уақытта легионеллалардың анықталған 23 түрі, 35 серотиптері 
бар. Типті сапроноздарға жатады, сыртқы ортада тұрақты, ауыз су мен топырақта 4

С 
температурада 1 жылға дейін тіршілігін сақтайды. Легионеллалардың патогенділігі 
термостабильді эндотоксині мен термолабильді цитотоксиніне байланысты. Н.Ф.Гамалея 
атындағы эпидемиология мен микробиология ҒЗИ-да легионеллалардың бұрын белгісіз 
болған патогендік факторы – 
цитолизин
анықталған. Легионеллалар фенолға, спиртке, 
йодқа, формальдегидке, кальций гипохлоридіне және эритромицинге, рифампицинге, 
левомицетинге сезімтал.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет