Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет83/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Эпидемиологиясы.
Легионеллалар әлемнің барлық елдерінде жайылған және 
көптеген жасанды және табиғи су экологиялық жүйелерінің микробты флорасының 
жартысын құрайды. Қонақ үйлер мен ауруханалардың сумен жабдықтау жүйелерінде 
және ауа кондиционерінде қоздырғыштың болуы аса зор эпидемиологиялық маңызы бар. 


78 
Бұл ауруға көбіне орта және егде жастағы адамдар бейім. Сонымен қатар, осы ауруға 
бейімдегіш факторлар - темекі шегу, созылмалы бүйрек кжетіспеушілігі және 
иммунодепрессия. Легионеллез жаз-күз айларында жиі тіркеледі (кондиционерлер мен 
душтар жиі қолданылады, жүзу бассейндерінде көп шомылады). Оның 35-36

С 
барысында және рН 7,0-ге жуық жасанды құнарлы ортада ең жақсы өсуі байқалған. 
Легионеллалар – сапроноздар қатарына жатады. Олардың жануарлардың, құстардың және 
буын аяқтылардың арасында жоқ екендігі туралы сенімді мәліметтер бар. Қоздырғыштың 
науқас адамнан берілу мүмкіндігі дәлелденбеген. Адамдарға ол ауа арқылы жұғады. Яғни, 
жер және құрылыс жұмыстары тұсында көтерілген ауадағы шаң-тозаңдар арқылы.
Өнеркісіптік елдерде топтық ауру емдеу мекемелерінде, қонақ үйлерде, 
жатақханаларда және т.б. пайда болатыны белгілі. Аурудың өршуі сонымен бірге ет 
комбинаттарында, өнеркәсіп кәсіпорындарында, атом және жылу электростанцияларында 
байқалған. 1987 жылы Армавирдегі резеңке бұйымдары зауытында легионеллездің ірі 
өршуі байқалды. Ауру әйелдерге қарағанда, еркектердің арасында 2,6 рет артық екені 
анықталған. Организмнің инфекцияға қабілеттілігі аз зерттелген. Дегенмен де 
легионеллезді өкпе қабынуымен 5%-ға жуық адамдардың ауыратындығы белгілі.
Патогенезі.
Инфекцияның кіру қақпалары - тыныс алу жолдарының шырышты 
қабықтары. Қоздырғыштың ағзаға енуі су аэрозольдерін жұту арқылы болатыны белгілі 
(душ, ауа кондиционерлері, ванна, ультрадыбысты шаңдатқыш сулар, фонтандар және 
т.б.). Науқастың қақырығында да легионеллалар табылған, ал адамнан адамға жұғу жолы 
анықталмаған. Легионеллезбен сырқаттанудың көп оқиғалары өкпенің зақымдануымен 
байланысты. Бронхиолалар мен альвеолалардағы фибринозды-іріңді қабыну өзгерістері 
эндотоксиннің, цитотоксиннің, цитолизиннің әсерлеріне байланысты. Легионеллалар 
жаппай жойылғанда токсикалық-инфекциялық шок, сосын жайылмалы тамырішілік қан 
ұю синдромы дамып, нәтижесі өлімге соқтырады. Токсиндер қан арқылы орталық жүйке 
жүйесіне, бүйрекке, бауырға барып, оларды зақымдайды. Токсикалық энцефалопатия мен 
жедел бүйрек жетіспеушілігі дамуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет