егде жастағы ер адамдар жиі ауырады;
ұқсас аурудың өршуі қонақ үй қызметкерлерінің, турист және медицина
қызметкерлерінің, аурухана науқастарының арасында байқалғаны, сондай-ақ
құрылыс және жер қазу жұмыстарында еңбек ететін адамдар;
өкпе қабынуының ауыр ағымы плевраның патологиялық процесске қатысуымен
өтеді;
бүйрек, бауыр, орталық жүйке жүйелері қызметтерінің бұзылуы;
пенициллин, тетрациклин, цефалоспоринді антибиотиктерді қабылдаудан әсердің
болмауы.
Лабораториялық
диагностикасында биологиялық әдіс, экспресс-әдістер
(иммундыфлюоресценциялық әдіс, иммундыферменттік анализ, полимеразды тізбекті
реакция) қолданылады. Науқастың қанында антиденелер ауруының 6-7-ші күні пайда
болып, жоғарғы титрге аурудың 5-ші аптасында жетеді. Қоздырғыштар қайтыс болған
науқастың өкпе тінінен, плевра сұйықтығынан және қақырықтан, су мен топырақтан
бөлінеді.
Легионеллезді грипптен, жедел тыныс алу жолдары ауруларынан, бактериальды
өкпе қабынуынан, орнитоздың жеңіл түрінен, Қу-қызбасынан, микоплазмоздан ажырата
білу керек.
Асқынулары.
Легионеллездің ең қауіпті асқынуы - тыныс алу жетіспеушілігі
болып табылған. Ауруханаға жатқызылған науқастардың 30%-да гипервентиляция және
гипоксемия белгілері байқалған.
Емдеуі.
Клиникалық практиканың көрсетуінше, ең аз өлім қаупі, эритромицинді
0,5 -1,0 г әр 6 сағат сайын (тәулігіне 4 г) ересектер үшін, ал 15 мг/кг әр 6 сағат сайын
балалар үшін қолдану барысында байқалған. Ауыр ағымдарында эритромицин мен
рифампицинмен үйлесіп, беріледі. Қазіргі уақытта азитромицин (сумамед 0,5-3,0
г/тәулігіне 3 күн бойы), ципрофлоксацин (1,5 г/тәулігіне 10 күндей) препараттарын да
тағайындайды. Легионеллезді өкпе қабынуын емдеудің патогенетикалық әдістері
пневмококкпен қоздырылған өкпе қабынуын емдеуге ұқсайды (айырмашылығы аз).
Достарыңызбен бөлісу: |