79
көрінісімен өтеді. Тері бозарып, геморрагиялық бөртпенің пайда болуы мүмкін, мұрыннан
қан кетеді. Балаларда мойын мен жақ астының лимфа түйіндері үлкейеді. Бірінші күні
біршама брадикардия байқалып, содан соң тамырдың соғуы 1 минутта 120 дейін жиілейді.
Қан қысымы төмендейді. Тілі құрғақ, ал нәжістің сұйық та сулы болуы, сондай-ақ
олигурия, тіпті анурияның байқалуы мүмкін.
Аурудың ауыр ағымында науқастың жағдайы нашарлайды, тыныс алу және жүрек-
қан тамыр жетіспеушілігі тез күшейеді, асқазан-ішек пен жатырдан қан кетулермен
асқынып, өкпе инфаркты және т.б. белгілер өріс алады. Өлім қатері аурудың 1-ші
аптасының соңында туады.
Диагностикасы.
Легионеллездің клиникалық білінуі ерекше емес. Аурудың басты
белгісі - өкпе қабынуының ауыр ағымы және өкпе қабынуының дәстүрлі терапиясының
әлсіз әсері.
Легионерлер ауруын біріншіден өкпе қабынуларымен, сондай-ақ арнайы
антибиотикотерапияны талап етушілермен салыстырып жүргізу керек. Оларға
микоплазмозды өкпе қабынуы, орнитоз, Ку қызбасы жатады. Легионеллез кезінде аса
сипатты рентгенологиялық көрініске, гемограмма өзгерістеріне назар аудару қажет.
Бұл ауруды клиникасына қарап тану аса қиындықтар тудырады, себебі
патогномиялық симптомдары жоқ. Сонымен қатар, легионеллезді өкпе қабынуында кейбір
клиникалық-эпидемиологиялық ерекшеліктері бар:
жаз мезгілінің соңында-күздің басында пайда болады;
Достарыңызбен бөлісу: