Емі
.
Ауруханалардағы науқастардың емдеуі және қарқынды терапиясы: барлық
науқастарға төсектік режим көрсетілген және дифтерияға қарсы сарысулар қолданылады.
Ауруды емдеу шараларында 1-ші кезекте дифтериялық токсинді нейтрализациялау және
ағзадан шығару, оның түзілуін тоқтату, сондай-ақ әртүрлі ағзалар және жүйелердің
бұзылуын коррекциялау керек. Жұтқыншақ дифтериясының токсикалық түрінде
науқастарға дифтерияға қарсы сарысуды қолдану қажет. Жұтқыншақ дифтериясының
субтоксикалық түрінде 40 000 ХБ (МЕ) сарысу, I-ші дәрежесінде - 60 000 ХБ, II дәрежеде-
80 000 ХБ, III дәрежеде-100 000 ХБ сарысу енгізіледі. Жарты дозаны күре тамырға, қалған
мөлшерін - бұлшықет ішіне енгізу керек. Бір мезгілде сарысумен бірге күре тамырға 10 мл
10% кальций хлорид ерітіндісін де енгізуге болады. Көмей дифтериясымен ауырған
науқастардың бұлшықет ішіне 90 мг преднизолонды енгізеді. Асфиксия дамыған
жағдайда интубация көрсетілген. Ол мүмкін болмаса трахеостомия іске асырылады. Егер
емдеу шаралары аурудың алғашқы 2-ші күні басталса, онда сарысу келесі 1 реттік
дозаларда қолданылады: катаральды түрінде –10 000 ХБ, жергілікті түрінде-20 000 ХБ,
таралған түрінде- 30000 ХБ, субтоксикалық түрінде - 40000 ХБ, токсикалық барысындағы
I дәрежеде-60 000 ХБ, II дәрежеде-80 000 ХБ, III дәрежеде-10 000 ХБ, көмейдің
дифтериясында-40 000 ХБ, таралу барысында-80 000-120 000 ХБ.
Дифтериямен ауырған науқастарға антибиотиктер енгізіледі (бензилпенициллин,
эритромицин, цефалоспориндер орта терапевтикалық дозамен 5-10 күн бойы).
Көмей дифтериясында глюкокортикоидтар (преднизолон-60-120 мг тәулігіне, ішке,
гидрокортизон-100 мг, тәулігіне 2-3 рет) және антигистаминді препараттар (1% димедрол
ерітіндісі - 1,0 мл, тәулігіне 2 рет), спазмолитиктер, седативті препараттар қолданылады
(5% седуксен ерітіндісі-2 мл, тәулігіне 3-4 рет). Жазылған науқастар, толық клиникалық
сауығудан соң ғана ауруханадан шығарылады.
Достарыңызбен бөлісу: |