Қазақстан республикасының денсаулық сактау министірлігі с. Ж. Асфендияров атындағЫ



Pdf көрінісі
бет78/287
Дата26.12.2023
өлшемі3,13 Mb.
#199295
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   287
Байланысты:
ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР

Диагностикасы
.
Аурудың диагностикасы клиникалық симптомдарға (қызба, 
лимфаденопатия, бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы, перифериялық қанның өзгерісі) 
негізденген. Гематологиялық зерттеу маңызды орын алады. Лимфоциттер санының 
көбеюі және атипті мононуклеардың пайда болуы тән (барлық лейкоциттерден 10% 
жоғары).
Диагностика 
мақсатында полимеразды тізбекті реакция, Пауль-Буннель 
реакциясы, Гоффа-Бауэр реакциясы қолданылады.
 
Вирустың бөлінуі күрделі. 
 
Жұқпалы 
мононуклеозды 
баспадан, 
күл 
ауруының 
әр 
түрлерінен, 
цитомегаловирусты 
инфекциядан, 
АИВ-инфекциясының 
алғашқы 
клиникалық 
сатыларынан, листериоздың баспалы түрлерінен, вирусты гепатиттерден, қызылшадан, 
қан ауруларынан салыстыру жүргізу керек.
Атипті мононуклеарлар 1-ші күні білінеді. 3-ші аптаның соңында олардың 
мөлшері азая бастайды, лимфоцитоз бірнеше ай сақталады.

Емдеуі
.
Науқастарды клиникалық көрсеткіші бойынша ауруханаға жатқызады. 
Гепатиттің белгілері бар кезде ғана арнайы №5-ші диета талап етіледі.
Аурудың жеңіл түрлерінде дәрумендер мен симптоматикалық терапиямен 
шектеуге де болады. 
Кортикостероидтарды гемолитикалық анемия мен неврологиялық асқынулар 
кезінде тағайындау керек. Ауыр ағымды ағзаның улануында және дене қызуының 
көтерілуінде преднизолон белгіленген (30-40 мг үлкендерге, ал балаларға 0,5- 1,0 мг/кг 
тәулігіне, 3-5 күн ішінде, емдеу курсы 7-10 күнге созылады).Антибиотиктерді өкпе 
қабынуы тәрізді асқынуында тағайындайды. Көкбауыр жарылғанда тез арада хирургиялық 
ем керек. Созылмалы мононуклеозда симптоматикалық және патогенетикалық терапия 
жүргізіледі.
Болжамы
.
Қолайлы. Өлім қаупі көкбауырдың жарылуына байланысты туады, 
сондай-ақ, жүйке жүйесінің зақымдануы мен әртүрлі этиологиялы бактериальды 
инфекциялардың қосылуы болады; асфиксия өте сирек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   287




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет