71
ісігінде қанда едәуір гипопротеинемия байқалса, 1-ші тәулікте күретамырға
альбумин
(20%, 10%, 5%) ерітіндісін енгізу керек.
Денсаулығын қалпына келтіру ұзаққа созылған кезде науқастар дәрумендерді
(ундевит, гексавит), глицерофосфат кальцийді 0,5 г-нан күніне 2
рет және глютамин
қышқылын 1г-нан күніне 2 реттен алуы қажет.
Жедел назофарингит кезінде мұрын- жұтқыншақты фурациллин ерітіндісімен
шаю керек.
Болжамы.
Өлім қаупі 5-6%-дан 12-14%-ға дейінгі деңгейді құрайды.
Менингитпен ауырған науқастарда астения синдромы жиі байқалады.
Менингит
энцефалитпен үйлескенде, сал ауруы мен шала салданулар білінуі мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: