Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі


Жедел бүйрек жеткіліксіздігі



бет48/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
1603968609, instr ent
Жедел бүйрек жеткіліксіздігі
ЖБЖ инфекциялы-токсикалық және гиповолемиялық шокпен жүретін ауруларда, инфекцияның септикалық түрлерінде, қатерлі малярияда,бүйрек синдромы бар қызбада, лептосперозда дамиды. Инфекциялы аурулар кезіндегі ЖБЖ патогенезінде маңызды орынды бүйректегі қан айналымның бұзылысы аралық тіннің гипоксиясы мен ісінуі, түтікшелердің өткізгіштігінің бұзылысы алады. Бұған ИТШ кезінде қан айналымның орталықтануы немесе гиповолемиялық шокта қанның сұйық бөлігінің жоғалуы әкелуі мүмкін. Бұл клиникалық протеинуриямен, ісінумен, ануриямен жүретін жедел нефротикалық синдромның дамуымен көрініс береді.
ЖБЖ ағымында төрт сатыны бөледі: бастапқы, олигоануриялық, по-лиуриялық, сауығу.Бастапқы сатысында қызба, интоксикация син-дромы, геморрагиялық диатез және ЖБЖ әкелетін аурулардың басқа-да клиникалық көріністері байқалады. Бұл сатыда диурез аздап төмендейді.
Олигоануриялық сатыда диурез толық анурияға дейін төмендейді. Дене темпе-ратурасы қалыпты, субфебриллитет болуы мүмкін, геморрагиялық синдром айқын. Су-электролитті алмасудың терең бұзылыстары, ацидоз, гиперкалиемия, гипонатриемия, гипохлоремия, гипокальциемия, сонымен бірге анемия, лейко-цитоз, ЭТЖ жоғарылауы анықталады. Мочевина мен креатинин жоғарылайды, науқастарда диспепсиялық синдром, құсу, ауыз құрғауы, іш пен бел ауруы, эн-тероколит, тыныс ырғағының бұзылуы пайда болады. Жедел туындаған гипер-гидратация кезінде алғашында интерстициалді, кейін альвеолярлы өкпе ісінуі дамиды. ЭКГ де миокард гипоксиясының белгілері, аритмия, гиперкалиемия көріністері анықталады. Дене температурасы бұл кезеңде инфекцияның өршуіне қарамастан жиі қалыпты болып қала береді. ОЖЖ зақым-далуы тән болады: бас ауруы, ұйқышылдық, тырысулар, кома. Диурездің қалпына келуі кезеңінде несеп тығыздығы төмен полиурия пайда болады. Әлсіздік, бас айналу, жүрек айну байқалады. Гипокалиемия, гипонатриемия, гипохлоремия анықталады. Жиі полиуриялық кезеңнің алғашқы күндері азотемия жоғарылап, кейін мочевина мен креатинин қалыпты көрсеткіштерге дейін төмендейді. Анемиямен, тромбоцитопения ұзақ уақытқа сақталады.
Жедел көмек дәрігерінің әрекетіне ЖБЖ себеп болған нозологиялық диагнозды көрсетіп, инфекциялық стационардың реанимация бөліміне жедел госпитализациялау жатады.
Малярия
Жедел көмек дәрігері үшін «енгізілген» малярияның өсуіне, соның ішінде өлімге әкелуі мүмкін тропикалық түрінің болуына байланысты маңызды мәселе болып табылады. Медициналық көмек сұрап келген қызбасы бар науқастарда келесі жағдайларда малярияға күдіктенуге болады: науқастың ыстық елдерде немесе соңғы екі жыл көлемінде малярия бойынша қолайсыз жерлерде болуы; осы уақыт көлемінде анамнезінде малярияның болуы; аурудың алдында үш ай бұрын қан құюдың болуы; жүргізілген емге қарамастан дене қызуының кезеңді түрде көтеріліп тұруымен жүретін ауруларда. Науқастарды инфекционды стационарға госпитализациялау керек.
13-14. Жүйке жүйесінің аурулары мен жарақаттары кезіндегі шұғыл көмек. Ми қан- айналымының бұзылысы. Ишемиялық және геморрагиялық инсульттер. Менингиттер. Энцефалиттер. Бас сүйегі-ми және жұлындық жарақаттар. Диагностика. Шұғыл көмек. Науқастарды жүргізу тактикасы. Стационарға көрсеткіш
Инсульт
Инсульт (латын тілінен аударғанда милық соққы) себептері тамырлық бұзылыстар түріндегі ұзақтығы 24 сағаттан артық, немесе өлімге әкелетін,
тез арада дамитын жергілікті немесе кейде диффузды ми қызметінің бұзылуымен сипатталады, Морфологиясына қарай төрт түрге бөлінеді:
1. Субарахноидалді қан құйылу;
2. Геморрагиялық инсульт (миға қан құйылу);
3. Ишемиялық инсульт (ми инфарктісі.);
4. Жедел гипертониялық энцефалопатия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет