Ќазаќстан республикасыныњ денсаулыќ саќтау министірлігі



бет57/104
Дата07.02.2022
өлшемі1,33 Mb.
#86182
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104
Байланысты:
КІДІРІССІЗ МЕДИЦИНАЛЫҚ ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ
1603968609, instr ent
Жұлындық жарақат
Жұлындық жарақат кезінде сүйек-буын аппараты, жұлын миі және оның түбірлері мен тамырлары зақымдалуы мүмкін. Көбінесе омыртқаның қозғалғыштығы көп аймақтары жарақатқа душар болады – мойын (С5 –С7) және кеуде бел (Th10- L2) бөлімдері.
Жұлындық жарақаттың клиникалық түрлері зақымдалу сипатына және қосым-ша жанында жатқан қабық пен құрылымдардың зақымдалуына негізделген. Бірінші белгілері бойынша: жұлын мидың шайқалуы; жұлын мидың соғылуы; жұлын мидың жарақаттық басылуы (алдыңғы, артқы, ішкі).
Екінші белгілері бойынша: ашық жұлындық жарақат; жабық жұлындық жарақат.
Егер дуралды қаптың қабырғасы зақымдалатын болса, онда зақымдалудың бұл түрін өтпелі түріне жатқызады.
Негізгі үш топты бөледі:

  1. Омыртқаның зақымдалуы жұлын ми қызметінің бұзылуынсыз;

  2. Омыртқаның зақымдалуы жұлын ми өткізгіштігінің бұзылуымен;

  3. Жұлын мидың жабық жарақаты омыртқаның зақымдалуынсыз.

Омыртқа жарақатының зақымдалу сипатына қарай жабық жарақаттың келесі түрлерін бөледі:

  1. Байлам аппаратының зақымдалуы (созылу, байламның жыртылуы);

  2. Омыртқа денесінің бұзылуы (сызықты, компрессионды, жарықшақтық, жарықшақты- компрессионды);

  3. Омыртқаның артқы жартылай сақинаның сынуы: доғалық, көлденең, қылқан өсінділік;

  4. Омыртқаның сынуы мен шығуы, омыртқа каналының деформациясының қандай да бір жазықтықта орнынан таюымен;

  5. Көптеген зақымдалулар.

Омыртқаның жабық жарақаты тұрақты және тұрақты емес болуы мүмкін.
Жұлын ми жарақаттары бөлінеді:
Морфофункционалды сипаты бойынша: шайқалу, соғылу, басылуы, толық анатомиялық бұзылыс.
Зақымдалу деңгейіне байланысты: мойын бөлімі, кеуде бөлімі, бел бөлімі, сегізкөз бөлімі.
Жаралайтын снарядтың түріне байланысты: пышақтық, оқтық, жарықшақтық және т.б.
Жарақат сипатына қарай: тесіп өтетін; соқыр; жанасып өтетін (тангенцинальды).
Жарқаттық каналы мен жұлын ми каналының траекториясының қатынасы бойынша: өтпелі; өтпелі емес; паравертебралды. Жұлын ми шайқалу (өтпелі жарақаттық салдану).
Морфологиясынында: уақытша ишемиямен бірнеше сегменттерінің ісінуімен сипатталады. Толық салданудың клиникалық көрінісі дамиды, ол жарақат ал-ғаннан соң, 6 сағаттан кейін төмендейді, ал 24 сағаттан кейін толық сауығу болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет