Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі


-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және тараптардың



Pdf көрінісі
бет135/374
Дата17.07.2020
өлшемі1,88 Mb.
#75318
түріКодекс
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   374
Байланысты:
3 Трудовой кодекс на КАЗ

   158-бап. Ұжымдық шарттың қолданылу мерзімдері, аясы және тараптардың 
жауаптылығы 
      1. Ұжымдық шарт тараптар айқындайтын мерзімге жасалады.
 
      2. Егер ұжымдық шарттың ережелерінде өзгеше көзделмесе, ол қол қойылған кезден 
бастап күшіне енеді және тараптардың орындауы үшін міндетті болады.
 
      3. Ұжымдық шарттың күші жұмыс берушіге және солардың атынан ұжымдық шарт жасалған 
ұйым жұмыскерлеріне және оған қосылған жұмыскерлерге қолданылады. Қосылу тәртібі мен 
шарттары ұжымдық шартта айқындалады.
 
      4. Ұйым таратылған, ол банкрот деп жарияланған кезде ұжымдық шарттың қолданылуы 
барлық жұмыскерлермен еңбек шарттары тоқтатылған күннен бастап тоқтатылады.
 
      5. Тараптар өкілдерінің ұжымдық шарт жасасу, өзгерту, толықтыру жөніндегі 
келіссөздерге қатысудан жалтаруы немесе ұжымдық шарт жасасудан негізсіз бас тартуы
келіссөздер жүргізу мерзімдерін бұзуы және тиісті комиссияның жұмысын қамтамасыз етпеуі
келіссөздер жүргізу және ұжымдық шарт ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асыру үшін 
қажетті ақпаратты бермеуі, сол сияқты оның талаптарын бұзуы немесе орындамауы Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   131   132   133   134   135   136   137   138   ...   374




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет